My CMS
Аймақ

«ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМШАРТЫ» — БІРДЕН ҮШ МӘСЕЛЕНІ ШЕШЕТІН ЖОБА

Қазақстанда жас мамандарға бағытталған «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Ол кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды қамтамасыз етіп қана қоймай, 2 жыл ішінде оқуын аяқтаған оқу орындарының түлектерін жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге бағытталған..
Елімізде «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында «Ұрпақтар келісім шарты» бағыты жүзеге асырылуда.

Оқу орнын енді аяқтаған жастардың бірден жұмысқа орналасып кетуі екіталай. Ал, кей жағдайда керісінше. Өз ісінің білікті маманы зейнет жасына жеткенде орнына адам табу да оңай емес екені анық. Осы мақсатта тәжірибелі кәсіпқой маманның зейнет жасына 6 ай қалғанда жас маманмен орны ауысады. Жобаға қатысу мерзімі  — 18 ай. Жалақы мөлшері 30 айлық есіптік көрсеткіш (110 760 теңге) көлемінде төленеді.

Алғашында «Ұрпақтар келісім шарты» жобасымен жұмысқа орналасып, кейіннен сол мекемеде тұрақты қалып қоятындар жетерлік. Солардың бірі — Назерке Мұсабекова. Ол 2022 жылы «Шымкент көпсалалы медициналық колледжін» тәмәмдап, қолына диплом ала салысымен қалалық Еңбек мобильді орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген. Көп уақыт өтпей қаладағы Орынбаев медициналық орталығына жолдама алыпты.

–Қысқа уақытта жұмыс табылғанына қатты қуандым. Білім алған мамандығым – фельдшер. Емханада екпе бөліміне медбике болып орналастым. Жұмыс істеу барысында тәжірибелі медбикелерден тамыр ішіне екпе салуды, ауыр науқастармен жұмыс істеуді үйрендім. Алты айдан кейін осында тұрақты жұмысқа қабылданып, бүгінге дейін медбике қызметін атқарып келемін. Өзге жас мамандарға да оқуды бітіре салысымен жұмыссыз ретінде тіркелуге, орталық жолдаған мекемлерге жүрексінбей баруға кеңес берем, — дейді кейіпкеріміз.

Жобаға қатысу үшін Шымкент қалалық еңбек мобильдігі орталығына өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда) және дипломын алып тапсырады. Сонымен қатар,  оқуды аяқтағанына 2 жыл толмаған, 35 жасқа дейінгі жұмыссыз ретінде тіркелген болуы керек.

Қатысты жаңалықтар

РЕСПУБЛИКА КҮНІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ДАҢҚ МЕМОРИАЛЫНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ СҮЙЕМЕЛДЕУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз