My CMS
Аймақ

ТҰРАН АУДАНЫНДА КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Президент тапсырмасына сәйкес, өңірлер мен қала ішілік жолдар жөнделіп, қалыпқа келтіру жұмыстары қарқын алған болатын. Бүгінде Шымкент қаласында Тұран, Қаратау, Еңбекші, Әл-Фараби және Абай аудандарында көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Биыл Шымкент қаласының Тұран ауданына қарасты 82 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Аудандағы елді мекендерде 45,8 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіледі. Атап айтқанда, Жаңаталап шағын ауданында 17 көше, Қазығұрт шағын ауданында 5 көше, сол сияқты мәселесі қаралып жатқан, Самал, 112 сынды шағынаудандарда тозығы жеткен көшелер ретке келтіру жұмыстары қарқын алатын болады. Нәтижесінде асфальттанған көшелердің пайыздық үлесі 80,2 пайыздан 88,3 пайызға жететін болады.

Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған. Жоспар бойынша 2026 жылы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Ал, 85,7 пайызы табиғи газбен қамтылса, 95,2 пайызы электр қуатымен қамтылған. Тұран ауданында толық табиғи газбен қамту жұмыстары 2026 жылға дейін жоспарланған.

Сондай-ақ, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінгі таңда 57,1 пайызды құраса, бұл көрсеткіш 2025 жылы 60,2 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Тұран ауданы бойынша барлығы 28 балалар ойын алаңшасы мен 6 кешенді алаңша орнату жоспарға қойылған. Сонымен қатар Тұран аудандағы 597 көшенің 254-і жарықтандырылған. 2024 жылы 21 шағынауданда 165 шақырымды құрайтын 200 көшедегі 3 500 бағананы жарықтандыру жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асырылатын болады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ САНЫН КӨБЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

УНИВЕРСИТЕТТЕ ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ МЕН СТУДЕНТТЕР ЖОЛДАУДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҰРҒЫНДАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз