My CMS
Аймақ

БИЫЛ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «АҢСАҒАН СӘБИ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 441 КВОТА БӨЛІНДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылы Қазақстан халқына Жолдауында «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын бастап, экстракорпоралды ұрықтандыруға квота санын жеті есеге көбейтуді тапсырған болатын.

Осы орайда, Шымкентте «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында экстракорпоральді ұрықтандыруға 2021 жылы — 403, 2022 жылы  413 квота, 2023 жылы —  429 квота бөлінсе, биыл сәбилі болуды аңсаған жандар үшін мүмкіндік көлемі артып, 441 квота қаралып отыр. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков Шымкен қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Шымкентте өткен жылы экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламасымен  жүктілік бойынша есепке алынғандардың көрсеткіші 45 пайызға жеткен екен.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында 2021 жылдан бастап экстракорпоралдық ұрықтандыруға бойынша жыл сайын квота бөлінуде. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 2021 жылдан бері 330 сәби дүниеге келді. Ал 2023 жылы — 429 квота бөлінді (оның ішінде жүкті әйелдер саны — 155, 22 бала дүниеге келді, программада -20). Қалада 4 репродукция орталығы жұмыс істейді: «Экомед-Шымкент» ЖШС, 2 филиал «Эко-Шымкент орталығы» ЖШС, «доктор Тарарак орталығы Шымкент» ЖШС, «Шымкент репродуктивті медицина институты» ЖШС-гі» — деді басқарма басшысы.

ЭКҰ-ға жіберу туралы шешімді Шымкент қалалық денсаулық басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Ал, ем-шара жүргізілетін репродуктивтік медицина орталығын әйелдің өзі таңдайды.

Айта кетейік, «Аңсаған сәби» бағдарламасына жолдама жылына бір мәрте ғана беріледі. Қалада 4 репродукция орталығы жұмыс істейді: «Экомед-Шымкент» ЖШС, 2 филиал «Эко-Шымкент орталығы» ЖШС, «доктор Тарарак орталығы Шымкент» ЖШС, «Шымкент репродуктивті медицина институты» ЖШС.

Қатысты жаңалықтар

ТАШКЕНТТЕГІ БИЗНЕС ФОРУМДА ШЫМКЕНТТЕ ЖҮЗЕГЕ АСАТЫН ҮШ ЖОБА БОЙЫНША КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЖАҢА КӘСІП ҮЙРЕНІҢІЗ КЕЛСЕ  — ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚУДАН ӨТІҢІЗ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШАНИНДІК ӘРТІСТЕР МӘСКЕУДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз