My CMS
Аймақ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА БИЫЛ 228 БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

«Алғашқы жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламасы – алғаш жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орнын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған жоба. Оған жұмыс тәжірибесі жоқ 35 жастан аспаған жастар қатыса алады. Олардан алдын ала кәсіптік даярлық талап етілмейді. Жобаға қатысу ұзақтығы 18 айдан аспайды.

Жоба аяқталған соң жұмыс беруші жұмыссыз адамды кемінде бір жыл тұрақты жұмыспен қамтуы қажет. Жалақы 30 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бюджеттен төленеді. 18 ай аяқталғаннан кейін қалған 12 айда төленетін жалақыны жұмыс беруші белгілейді. Талаптары – 35 жастан аспауы, жұмыс тәжірибесінің болмауы және жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс.

Шымкент қаласында қазір аудандық мансап орталықтары шалғай елді мекендерді аралап, халыққа жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары жайында түсіндіру жүмысын жүргізіп жатыр. Осы орайда, Әл-Фараби ауданы мансап орталығының өкілдері №129 мектепте Сәуле шағынадуанының тұрғындарымен кездесті.

Әл-Фараби ауданында 2023 жылы 475 адамға қысқа мерзімді оқуға жолдама беріп, оның 348-і оқуын аяқтап, өздері білім алған кәсіпорындарда тұрақты жұмысқа орналасты. Ал, 127 адам түрлі себептермен оқудан шығарылған. Мамандар оқуға жолданғаннан кейін бекітілген кесте бойынша сабақтарды қалдырмауға кеңес берді.

Биыл аудандық мансап орталығы 222 адамға жолдама беріп, соңынан жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Қазіргі сәтте Әл-Фараби ауданында жұмыс берушілер тарапынан 228 бос жұмыс орны жарияланған. Бұл жайында мансап орталығына келмей-ақ, www.enbek.kz порталы арқылы мәлімет алуға болады.

Кездесу барысында мамандар тұрғындарға субсидияланатын жұмыс орындары — «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орыны» және «Күміс жас» жобасына қатысу тәртібін түсіндіріп берді. Одан бөлек, «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде Солтүстік өңірлерге көшу жөнінде де мәлімет берді. Биыл ауданда 63 отбасыны осы бағдарламаға қатыстыру жоспарланып отыр.

Кездесуде тұрғындар мамандарға кәсіпкерлікті дамыту, білім беру, денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі сұрақтарына толықтай жауаптар алды. Тұрғындарға ақпараттық парақтар таратылып, толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қатысты жаңалықтар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЖАУЫН-ШАШЫННАН ЖИНАЛҒАН СУДЫ ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕКІ ЖАҚТЫ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

«ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМШАРТЫ» — БІРДЕН ҮШ МӘСЕЛЕНІ ШЕШЕТІН ЖОБА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз