Президенттіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары жастарға үлкен қолдау болып отыр. Мәселен, Мемлекет басшысы жұмыссыздықты, əсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізген болатын.
«Бұл бағытта Үкіметке «Жастар тəжірибесі» жəне «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімін созып, еңбекақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Халықтың əлеуметтік осал тобындағы жастардың іскерлік бастамаларын іске асыруға жағдай жасау маңызды екендігін айта келе, Үкіметке тиісті гранттардың мөлшерін арттыру жөнінде жауаптыларға тапсырма жүктеген болатын. Бүгінде бұл бағытта жұмыссыз азаматтарды қолдау аясында аталған бағдарламалардан бөлек, түрлі жобалар қолға алынған. Солардың бірі – өз кәсібін жүргізу үшін, мемлекет тарапынан қысқа мерзімді оқу гранттарды іске қосылған.
Осы орайда, Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру және насихаттау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді.
Бүгінде субсидияланатын жұмыс орындарына «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс», «Әлеуметтік жұмыс», «Ұрпақтар келісім шарты» және зейнет жасына жақындаған жандар үшін «Күміс жас» бағдарламалары кіреді. Осы бағдарламаға қатысушылардың айлық жалақысы мемлекет тарапынан субсидияланады.
Еңбекші ауданында 2023 жылы 468 адам қысқа мерзімдік оқуға жолданып, оның 293-і сабақты толық аяқтап, сертификатқа ие болды. Бүгінде бұл азаматтар тұрақты жұмысқа орналастырылған. Ал, биылғы жоспар бойынша 222 адамды кәсіптік оқуға жолдап, жұмыспен қамту көзделіп отыр.
Жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға немесе қысқа мерзімдік кәсіптік білім алуға ниеттенген азаматтар Бәйтереков №89 мекен жайындағы Еңбекші аудандық Мансап орталығының бөлімшесінен кеңес алуға болады.