My CMS
Аймақ

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ТУРИЗМ САЛАСЫ БОЙЫНША 6 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

Шымкент қаласының туристік маңызы өте зор. Инфрақұрылымы дамыған, Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын ірі торап болып табылады. Осы орайда, Шымкенттің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, бүкіл оңтүстік өңірі үшін туристік тірек орталығына айналуына барлық мүмкіндіктері бар. Бүгінде қала аумағында 144 орналастыру орны, 25 әлеуметтік және мәдени нысан, 23 демалыс орны, 72 спорт орталықтары, 10 саябақ, 7 республикалық сакралды нысан, 3 326 тамақтану орындары, 150-ден астам туристік нысандар орналасқан.  

2024 жылы Шымкент қаласы аумағында туризм саласы бойынша жеке инвестиция көлемі 6,2 миллиард теңгені құрайтын 6 жоба (түрлі санаттағы қонақ үйлер) іске қосылуы жоспарлануда. Орташа есеппен 125 жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы қонақ үйлердегі төсек-орын саны 365-ті құрайды. Олар: «Kazakh Hotel» «Керемет, «Алтай», «Zhamal Hotel Shymkent», «Zeinnur-Tau» және Б/Н қонақ үйлері. Аталған жобалар қаланың тартымдылығын арттырып, жаңа туристік бағыттардың ашылуына әсер етеді.

Сонымен қоса, 2024 2024 жылдың басынан бастап Шымкент қаласы бойынша 2 ауқымды танымдық-ақпараттық экскурсиялар өткізілді. Ақпараттық дүңгіршектер 2024 жыл басынан:

Ақпараттық көмек көрсетілген туристер мен қала тұрғындарының саны – 300 жуық адамға қызмет көрсетті.

Оңтүстіктің туризмі – Шымкент қаласынан бастау алса, туристеріміз Шымкент қаласынан саяхатын бастаса, бұдан бөлек жақын өңірлерге де барады. Бүгінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысында заманауи брендтегі қонақ үйлер, бутик отельдер мен хостелдер туристерге қызмет жасайды. Сонымен қатар, жаңа рейстер ашылды. Атап айтқанда,  Солтүстік Қазақстан бағытында: Қостанай-Павлодар; Батыс Қазақстан бағытында: Атырау, Ақтөбе, Ақтау; Шығыс Қазақстан бағытында: Өскемен, Семей; Орталық Қазақстан бағытында: Жезқазған, Қарағанды. Сондай-ақ, Шымкент қаласынан Джидда, Медина, Дубай, Пхукет бағыттары бойынша чартерлік рейстер орындалады.

Алдағы уақытта Шымкент қаласының туристік ақпараттық киосктары Темір жол ішінде және Жаңа әуе терминалында туристік киоск островок орналасатын болады.

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бойынша 4 индикаторлық көрсеткіш бекітілді. Ағымдағы жылға бекітілген жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін жалпы келген туристер санын 450 мың адамнан асыру жоспарлануда. Аталған көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы республика көлемінде Астана, Алматы қалаларымен Ақмола облысынан кейін 4 орынды иемденіп отырмыз.

Қазіргі таңда 12 айлық статистикалық есептік көрсеткіш бойынша қала аумағына 420 398 турист келген.

Қатысты жаңалықтар

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖАҢА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ САЙЛАУШЫЛАРДЫ ӘСЕМ ӘНМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ «КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ» АТТЫ ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз