My CMS
Аймақ Саясат

 «ОҢТҮСТІК» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 96 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Тұрманов Ермек «Шымкент қаласында кәсіпкерлік, индустриялық — инновациялық, өнеркәсіп, инвестициялар, сауда саласында жарты жылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясын берді.

Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 902 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған, оның ішінде 20 – ірі, 45 – орта және 837 – шағын өндірістер. «Оңтүстік» индустриялық аймағында 101,4 млрд  теңгеге 3 мың жаңа жұмыс орындарымен 96 жоба іске асырылуда.

Оның ішінде, 78 жоба іске қосылып, онда 2,7 мың жұмыс орындары ашылды және оған 96,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылды. 2024 жылы 38 жаңа жұмыс орындарын құрумен 547 млрд теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.

Оның ішінде, 8 жаңа жұмыс орындарын құрумен 347 млн теңгеге  1 инвестициялық жоба іске асырылды. Өнеркәсіп саласында үлесі 85,4 % құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 628,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 94,5 % құрады.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің төмендеуіне саланың басым бөлігін құрайтын «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның өндіріс көлемінің азаюы есебінен орын алды. Өйткені зауыт ҚР Энергетика министрлігінің жоспар-кестесіне сәйкес 2024 жылдың 25 наурыздан 23 сәуірге дейін жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндіріс тоқтатылды.

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысымен Шымкент қаласына 203,7 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117,4% құрады. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестициялар көлемі 29,5 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар 174,2 млрд теңгені құрады.

2024 жылы жалпы 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда  28,2 %-ға артуы күтілуде.

Қатысты жаңалықтар

«ЕЛДІГІМІЗ БЕН КЕҢДІГІМІЗДІ БІЛДІРЕТІН МЕРЕКЕ»

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз