365online
Соңғы жаңалықтар

ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік — Тұғырым!” іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында аудан тұрғындары, жастары “Желтоқсан-86.Тәуелсіздік Таңы” қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелерімен кездесті.

Сонымен бірге, кездесуге аудан басшысы -Р.Мүлкеманов, “Аманат” партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы -Ә.Рақманқұлов, қалалық мәслихат депутаты -А.Молдабек қатысты.

Құнды Тәуелсіздігіміздің басты жетістігі еліміздегі тұрақтылық пен бірлік, Мемлекет басшысының сарабдал саясаты екенін атап өткен кездесу спикерлері алдағы уақытта да ел егемендігінің даңғыл жолын жалғастыру ұрпақ алдындағы басты міндет екенін ұмытпау қажеттігін де айтты.

Кездесуде аудан басшысы барлық “Желтоқсан-86.Тәуелсіздік Таңы” қоғамдық бірлестігінің Қаратау аудандық азаматтарын арнайы мерекелік марапатпен құттықтады.

Сондай-ақ, іс-шара барысында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандағы білім беру мекемелерінің жас қызметкерлері арасында өткен “Мен-Тәуелсіз елдің Перзентімін!” аудандық эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтті.

Кездесу қорытындысында кездесу қонақтары “Егемендігіміздің ерекше нышаны болған ел ынтымағы арта берсін!”- деп, өз лебіздерін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

НЫСАНА КӨЗДЕУ: ҚОРЖЫНҒА 3 ЖҮЛДЕ ТҮСТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЗАҚСТАН МЕН АУҒАНСТАН $140 МИЛЛИОНҒА КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ РӨЛІ АЙРЫҚША

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз