My CMS
Аймақ

18 – 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігінің жоспарына сәйкес іс-шаралар тізбесі

18 наурыз  «Ұлттық киім кию» күні Шымкент қаласының мемлекеттік қызметкерлері ұлттық киім кию челленджін бастайды. Сондай-ақ, Көрме орталығында үш номинациядан тұратын «Ең үздік балалар мен жасөспірімдердің киім үлгісі», «Ең үздік күнделікті киім үлгісі», «Ең үздік жұмыс киім үлгісі» атты ұлттық киім дизайнерлерінің байқауы өтеді.

19 наурыз күні «Жаңару күні» аясында қаланың саябақтарында көктемгі ағаш егу дәстүрі қолға алынады.

20 наурыз «Ұлттық спорт күні» иппадромда  бәйге, аударыспақ, көкпар, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, теңге ілу сынды ұлттық спорт ойындарынан жарыстар ұйымдастырылып, нәтижесінде жеңімпаздар марапатталады.

21 наурыз «Ынтымақ күні» әлеуметтік желілерде зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлерінің қала тұрғындарын наурыз мерекесімен құттықтау.

22 наурыз – «Жыл басы» Астана алаңында қала әкімінің қатысуымен «Армысың, әз-Наурыз» атты сахна өнеріндегі этникалық және заманауи үрдістерді үйлестіретін музыклық театрландырылған қойылым өтеді.

Сонымен қатар, қаламыздағы «Әл-Фараби» және Наурыз алаңдарында, «Жеңіс» саябағында, Сайрам тұрғыналабындағы «Наурыз» саябағында, «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда мерекелік думанды іс-шаралар өтеді.Салтанатты шара кешкі гала-концертке ұласады. Іс-шарада еліміздің белгілі өнер жұлдыздары «Орда» тобы, «Ер Тұран», Qanay, Наzима және Шымкент қалалық мәдениет үйі өнерпаздары, «Қазына», «Қарагөз», «Шамсинұр», «Шаттық» би ансамбльдері өнер көрсетеді.

23 наурыз «Тазару күні» тазалық эстафетасын бастап, қаланың көрікті жерлері мен саябақтарында, мерекеден кейінгі қалдық заттардан тазалау жалпыұлттық сенбілік өтеді.

Қатысты жаңалықтар

ИНТЕРНЕТТЕГІ ЕСІРТКІ ЖАРНАМАСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС: ШЫМКЕНТТЕ 1 МЫҢНАН АСТАМ РЕСУРС БҰҒАТТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

«АҚЫЛДЫ» ДРОНДАР ТҮНГІ ШЫМКЕНТТІ ПАТРУЛЬДЕУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз