My CMS
Қоғам

ЕЛІМІЗДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСАТЫН АЗАМАТТАРДЫҢ САНЫ 35%-ҒА АРТТЫ

Соңғы 3 жылда ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 35%-ға өсті. 2020 жылы олардың саны 432 мың болса, 2022 жылдың соңында бұл көрсеткіш 584 мың адамға жетті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді – 28 мың адам. Өңірде барлығы 110 мыңнан астам адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады. Бірден бірнеше облыста спортшылар саны 10 мыңға өсті. Бұл Қостанай (13 мыңнан 23 мыңға дейін), Қызылорда (20 мыңнан 30 мыңға дейін), Павлодар (17 мыңнан 27 мыңға дейін), Солтүстік Қазақстан (8 мыңнан 18 мыңға дейін) облыстары және Шымкент қаласы (10 мыңнан 20 мыңға дейін).

Ұлттық спорт түрлерімен айналысатындар саны бойынша көшбасшылардың үштігіне Жамбыл (40 мың адам) және Алматы (39 мың) облыстары кіреді.

Қазақстан ұлттық құрамасында спортшылар саны бойынша Түркістан (74 адам), Жамбыл (52 адам) және Астана қаласы (43 адам) көш бастап тұр.

Ведомствоның хабарлауынша, ұлттық спорт түрлерінің танымалдылығының артуына ұлттық спортты дамыту бағытындағы жүйелі жұмысы септігін тигізуде. Бұл ірі халықаралық турнирлерді өткізу ғана емес. Елімізде қажет инфрақұрылым құрылысы жүріп жатыр, 16,5 мыңнан астам жаңа үйірме ашылды, қолданыстағы жарыстардың форматы өзгеруде.

Қатысты жаңалықтар

ПОВЫШЕНИЕ ИНВЕСТИЦИОННОЙ ПРИВЛЕКАТЕЛЬНОСТИ ШЫМКЕНТА: ТУРИЗМ КАК КЛЮЧЕВОЙ ДРАЙВЕР

ulanonlinejob_r46y8xlo

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ: ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН «НАУРЫЗ ЖҰМЫСКЕР» ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз