My CMS
Қоғам

ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ БОЙЫНША 32 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ

Шетелдік көліктерді заңдастыру басталғалы бері 32 мың 66 азаматтың өтінімі мақұлданған. Осыған дейін 8 мың 670 қазақстандық көлігін заңдастырып, құжаттары мен нөмірлерін алған. Бұл науқан ел аумағына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кірген көліктер ғана қатысты екенін еске сала кету керек. Темір тұлпар іздеуде болмауы тиіс, өзге мемлекеттен есептен шығарылып, кедендік бақылаудан өтуі қажет. Көлікті заңдастыру үшін алғашқы тіркеу, техникалық паспорт үшін баж салығын және мемлекеттік нөмір алу үшін тиісті алымдарды төлеу міндеттеледі. Ал өтінішті егов порталы арқылы онлайн түрде немесе мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, беруге болады.Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

ГРАФИКА1: ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУ: 32 МЫҢ 66 ӨТІНІМ, 8 МЫҢ 670 АЗАМАТ

ГРАФИКА2:

ШЕТЕЛДІК КӨЛІКТІ ТІРКЕУ ТӘРТІБІ 01.09.2022 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӘКЕЛУ;

ІЗДЕУДЕ БОЛМАУ;

ӨЗГЕ МЕМЛЕКЕТТЕН ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ;

КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДАН ӨТУ /ҚЫРҒЫЗСТАН МЕН ЕЭО КІРМЕЙТІН ЕЛДЕР ҮШІН/

ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН АЛЫНАТЫН ТӨЛЕМ:

АЛҒАШҚЫ ТІРКЕУ – 200 МЫҢ ТЕҢГЕ;

ТЕХНИКАЛЫҚ ПАСПОРТ – 4 МЫҢ 313 ТЕҢГЕ;

МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР – 9 МЫҢ 660 ТЕҢГЕ.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/584739-sheteldik-k-likti-za-dastyru-bojynsha-32-my-nan-astam-tinish-ma-ldandy

Қатысты жаңалықтар

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

УАҚЫТТЫ БІР САҒАТҚА ЖЫЛЖЫТУДАН ЖОЛАУШЫЛАР КЕШІКПЕЙ МЕ?

ulanonlinejob_r46y8xlo

Шымкент қаласының прокуратурасы мен Шымкент қаласы Әкімдігі «Жерді өз бетінше иеленуге жол жоқ» жобасын іске асыруға кірісті

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз