My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 17,4 ПАЙЫЗҒА АРТЫП, 203,6 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет» — деген болатын.

Осы орайда, Шаhар басшысы Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиында мегаполистің қаңтар – мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы, салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев даму көрсеткіштерін  баяндап, бұл кезеңде оң динамика  қалыптасқанын жеткізді.                                                                                                                                                                                                                      Инвестиция көлемі 17,4 пайызға артып, 203,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде мемлекеттік инвестиция көлемі 29,5 млрд. теңге болса, жеке инвестиция көлемі 174,1 млрд. теңгеге жеткен. Ал құрылыс жұмыстарының көлемі 55,7 млрд теңгені құрап, 30,7 пайызға ұлғайғаны байқалады.                                                                                                                                                                                                                            Қала әкімі сала басшысының  баяндамасына қатысты өз пікірін білдірді. «Жалған сандармен емес, шынайы  экономикаммен өмір сүйрейік. Көрсеткіштерді талдап, қай жерде проблема бар, сол жерге күш салып, нақты нәтижеге жұмыс істейік» — деді Ғабит Сыздықбеков.

Сонымен қатар қала әкімі тиісті басқарма басшыларына мегаполис аумағындағы заңсыз берілген жерлерге қатысты заң шеңберінде шараларды күшейтіп, дендрологиялық саябақ пен «Арбат» алаңына абаттандыру, көріктендіру жұмыстарын жүргізуді және ойын атракциондарының қауіпсіздігін жақсартуды тапсырды. Барлық аудан, сала басшыларына бюджеттің сапалы орындалуы, 2025 жылғы бюджеттік өтінімдерді әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Қатысты жаңалықтар

«Тоқаевтың тапсырмасы». Құлыбаев басқаратын ҰОК енді спортқа бөлінетін қаржыны игермейді

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДЕЙІН 9 БІЛІМ ҒИМАРАТЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА КЕШЕНДІ ЖОСПАРЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз