365online
Әлем жаңалықтары

ЕРДОҒАН: ШВЕЦИЯНЫҢ НАТО-ҒА КІРУІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТПЕЙМІЗ

Швеция, Түркия мен мұсылмандарды құрметтемейінше, НАТО-ға мүше болуына қолдау көрсетпейміз. Президент Режеп Тайып Ердоған кеше өткен министрлер кабинеті отырысынан кейін осылай деп мәлімдеді.

Айтуынша, Қасиетті Құранға қиянаттың Түркия елшілігі алдында болуы,.. бұл мәселені ресми Анкара үшін діни әрі ұлттық мәселеге айналдырды. Еске сала кетейік, сенбі күні ультра оңшыл Дат саясаткері Расмус Палудан,.. Стокгольмдегі Түркия елшілігі алдында Құранның көшірмесін өртеп жіберген болатын. Түркия билігі бұл жағдайға наразылық білдіріп, Ыстамбұл тұрғындары келесі күні Швеция туын өртеді.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті: — Швед әкімшілігінің, бізге құқық және бостандық жайлы айтуы орынсыз. Құқық және бостандықты соншалықты құрметтейтін болсаңыз, алдымен Түркия Республикасының немесе мұсылмандардың діни сеніміне құрметпен қарауыңыз тиіс. Егер сіз бұл құрметті көрсетпесеңіз, НАТО бойынша бізден ешқандай қолдау ала алмайсыз.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/583588-erdo-an-shvetsiyany-nato-a-kiruine-oldau-k-rsetpejmiz

Қатысты жаңалықтар

Допинг дауына ілінген ресейлік Камила Валиева жүлдесіз қалды

ulanonlinejob_r46y8xlo

БҰҰ: ГАЗА СЕКТОРЫН АШТЫҚ ЖАЙЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

«ТЕСЛА» ҚЫТАЙДАН 1,6 МЛН КӨЛІКТІ КЕРІ ҚАЙТАРАТЫН БОЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз