My CMS
Саясат

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗІРБАЙЖАН АСТАНАЛАРЫ АРАСЫНДА ТІКЕЛЕЙ РЕЙСТЕР ҚАЙТА АШЫЛУДА

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Әзірбайжан Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, халықаралық қатынасты қайта бастау және ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде «Әзірбайжан Хава Йоллары» әуе компаниясының Баку – Астана және Баку – Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта жаңғырту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Әзірбайжан әуе компаниясы ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап Баку – Астана бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (бейсенбі, сенбі күндері), сондай – ақ ағымдағы жылдың 11 наурызынан бастап Баку-Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, жексенбі күндері) тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр.

Рейстер А-319/Е-190/Б-757 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.

Қазақстан мен Әзірбайжан астаналары арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Қатысты жаңалықтар

ӘРБІР ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ – МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 2023 ЖЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КӨРСЕТКІШІ 100%-ҒА ЖЕТЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ТӘЖІРИБЕЛІ ДИПЛОМАТ ТІЛЕУХАН ҚАБДРАХМАНОВТЫ ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАМЕН МАРАПАТТАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз