My CMS
Экономика

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АГРАРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

Берлинде жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіндегі Орталық Азияның үлесі талқыланды.

«Жасыл апта» көрмесі аясында еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Ербол Карашөкеев аграрлық саладағы реформалар мен оның әлеуетін баяндады. Министр саланы дамытуға мүдделі неміс кәсіпкерлерін елге шақырды. Өз кезегінде, Германия агробизнес Альянсының директоры жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінде Қазақстанның әлеуеті зор екенін айтты. Өйткені біздің елде таза, табиғи өнімдер шығарылып қана қоймай, әлемдік нарыққа жеткізіліп отыр. Нәтижесінде экспорттық көрсеткіш айтарлықтай өскен.

Пэр Бродерзен, Германия агробизнес Альянсының директоры: — «Жасыл апта» көрмесі өте маңызды платформа. Бұл жерде Германиядан ғана емес, күллі әлем бойынша жаңа серіктестер табуға болады. Біз бизнес пен саясатты байланыстыруға талпынып жатырмыз. Осылайша аграрлық саланы дамытудың тың тетіктерін игеруге тырысамыз. Бұл экспорттық мүмкіндіктерді арттыруға жол ашады. Осы реттегі Қазақстанның әлеуеті жоғары екенін байқадық. Экспортта ілгерілеу бар. Ет өндіруге де көңіл бөлінеді. Бұл неміс инвесторларын қатты қызықтыратын бағыт.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/583392-aza-stanny-agrarly-leueti-zor

Қатысты жаңалықтар

СІЗДІҢ МҮМКІНДІГІҢІЗ: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ КӘСІПКЕРЛЕРІ МЕН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ САУДА АЙНАЛЫМЫН 10 МЛРД. ДОЛЛАРҒА ЖЕТКІЗУ КӨЗДЕЛУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУЫНДА ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІП АЙМАҚТАРЫНЫҢ РӨЛІ АРТАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз