My CMS
Спорт

ЛЕЙК-ПЛЭСИД ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАСЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Жарыстың соңғы күні Қазақстан қоржынына екі қола медаль түсті. Шаңғышылар 15 шақырымдық масстартта соңғы күштерін сарқыды. Жерлестеріміз арасынан Шалыгина ғана шапшаңдық танытты. Ксения Эстония мен Америка спортшысын алға жіберіп, қолаға қол созды. Жартылай финалда Канададан ұтылған хоккейшілеріміз Жапондарға қарсы барын салды. Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері алғашқы минуттан матч соңына дейін ойын тізгінін уыстан шығарған жоқ. Кездесудің қорытынды нәтижесі 8:1. Қазақстан құрамасы Универсиаданың қола жүлдегері атанды. Медаль саны жөнінен Жапония жалпы командалық есепте топ жарды. Оңтүстік Корея мен Канада үздік үштіктен көрінсе, Қазақстан құрамасы 11-ші сатыға табан тіреді. Қоржынымызда 3 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлде бар.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/583420-lejk-plesid-ys-y-universiadasy-m-rege-zhetti

Қатысты жаңалықтар

РЫПАКОВА КӘСІБИ КАРЬЕРАСЫН АЯҚТАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

КӨКПАР СПОРТЫНЫҢ ТӨРЕШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАРМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР!

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз