My CMS
Спорт

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРАСПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ КУБОГІНЕН 7 МЕДАЛЬ ҰТТЫ

Қоржынымызда 7 медаль. Қазақстандық спортшылар әлем кубогынан осындай олжамен оралды.
Парашаңғы және парабиалон бойынша дүниежүзілік доданы Финляндияның Вуокатти қаласы қабылдаған болатын. Жерлестеріміз 7 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе, ұлттық құрама сапындағы Ербол Хамитов тарихи нәтиже тіркеді. Ол 10 шақырымдық биатлон жарысында топ жарып, қазақстандық спортшылдар арасында алғаш боп алтынға қол созды. Бұған қоса, Ербол 7 шақырымдық биатлонда екінші орынға тұрақтады. Ал парашаңғы бәсекесінде 1 күміс пен 1 қола жеңіп алды. Тағы бір қазақстандық Алекстандр Герлиц қос қола еншіледі. Ал Сергей Усольцев пен Ербол Хамитов жұбы эстафетада күміс жүлдегер атанды. Ел абыройын асқақтатқан спортшыларды елорда әуежайынан достары мен туыстары күтіп алды. Әлем кубогының кезекті кезеңдері алдағы жылы өтеді және соның нәтижесінде 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынады.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/578802-aza-standy-parasportshylar-lem-kuboginen-7-medal-tty

Қатысты жаңалықтар

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Индиан-Уэллс: Елена Рыбакина ширек финалдың жолдамасына таласады 

ulanonlinejob_r46y8xlo

САМОРОДОВ ТҮРКИЯ КЛУБЫНА АУЫСУЫ МҮМКІН

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз