365online
Спорт

РЫПАКОВА КӘСІБИ КАРЬЕРАСЫН АЯҚТАДЫ

Бұл жөнінде қазақстандық жеңіл атлетика шеберінің өзі Астанадағы Азия чемпионатында мәлімдеді. Ольга Рыпакованың есімі спорт жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол талай байрақты бәсекеде топ жарып, ел абыройын асқақтатқан болатын. 3 мәрте олимпиаданың жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе, 2012 жылы Лондондағы жазғы ойындарда үш қарғып секіруден ең үздік нәтижені тіркеп, чемпион атанды. Оның алдында Бейжің олимпиадасында күміс, ал, 2016 жылы Риода болған ойындарда қола жеңіп алған болатын. Бұған қоса, Рыпакова Әлем чемпионаттары мен Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы. Елордадағы шараның соңында ол көк туымызды көтеріп, құрмет шеңберін жүгіріп өтті.

Ольга Рыпакова, Олимпиада чемпионы: — Бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Өйткені үлкен спортқа үйреніп қалдық. Осы мүмкіндік пайдаланып, қазақ еліне алғыс айтқым келеді. Әсіресе, мені осы күнге дейін қолдап, барынша көмексетіп келген адамдардға рихашылығым шексіз.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/586500-rypakova-k-sibi-karerasyn-aya-tady

Қатысты жаңалықтар

«Әлемді алдау». Қытай олимпиада тұсында Шыңжаңда қысқы спортты дамытып жатырмыз деп мақтанды

ulanonlinejob_r46y8xlo

СБОРНАЯ КАЗАХСТАНА РАЗГРОМИЛА ВЕЛИКОБРИТАНИЮ НА УНИВЕРСИАДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Қостанайда жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз