My CMS
Экономика

Елімізде газ саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленіп жатыр 

ҚР Энергетика министрлігі мәліметінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және газ саласындағы ұлттық оператормен бірлесіп, саланы «қайта жүктеуге» бағытталған газ саласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуде.

Кешенді жоспар жобасында мынадай іс-шаралар қамтылған:

– Геологиялық барлау, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған және жаңа кен орындарында газ өндірудің жаңа жобалары есебінен газдың ресурстық базасын ұлғайту.

– Министрлік газға баға белгілеудің жаңа моделі бойынша жұмыс жүргізуде, мұнда қазақстандық газ ресурстарының шектеулілігі және коммерциялық тұтынушылардың бағасын нарықтық баға деңгейіне дейін көтеру ескерілуі тиіс.

– Негізгі газ тасымалдау инфрақұрылымы негізінен Кеңес заманында салынған және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қомақты инвестицияны қажет етеді. Газ тасымалдау инфрақұрылымының жай-күйіне техникалық аудит жүргізу, сондай-ақ қаржыландыру көздері мен инвестицияларды қайтару тетіктерін айқындау қажет.

– Тұрақты газдандыруды жалғастыру үшін газдандырудың бас схемасы өзектендіріледі, газдандыру нысандарын ұлттық оператордың теңгеріміне беру қағидалары жеңілдетіледі. Тұтастай алғанда, жоғарыда аталған шараларды қабылдау 2030 жылға қарай: тауарлық газ өндірісін 42 млрд текше метрге дейін ұлғайтуға, газ инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін бағаны ұстап тұруды ескере отырып, баға белгілеудің қажетті моделін белгілеуге, елді газдандыруды 65%-ке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деп түсіндірілген ведомство ақпаратында.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/534854-elimizde-gaz-salasyn-damytudy-keshendi-zhospary-zirlenip-zhatyr

Қатысты жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ КОММУНАЛДЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУДІ ЕДӘУІР АРТТЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

ulanonlinejob_r46y8xlo

13 АҚПАНДА 12 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚҚА ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІНЕН ХАБАРЛАМА КЕЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ САУДА АЙНАЛЫМЫН 10 МЛРД. ДОЛЛАРҒА ЖЕТКІЗУ КӨЗДЕЛУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз