My CMS
Саясат

Президент елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы жарлыққа қол қойды 

Ақорда 10 мың доллардан асатын қолма-қол валюта мен алтынды шетелге шығаруға тыйым салынды.

Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жарлық шығарды:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймаларын және алтыннан жасалған «ALTYN BARYS» және күмістен жасалған «KÚMIS BARYS» инвестициялық монеталарын, сондай-ақ 100 грамнан астам аффинирленген алтынды әкетуге тыйым салынсын.

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және басқа да  мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
  • Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/533311-prezident-eldi-arzhyly-t-ra-tyly-yn-amtamasyz-etu-turaly-zharly-a-ol-ojdy

Қатысты жаңалықтар

Президент Парижде өтетін Олимпиадаға дайындықты күшейтуді тапсырды 

ulanonlinejob_r46y8xlo

Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

ulanonlinejob_r46y8xlo

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз