My CMS
Саясат Соңғы жаңалықтар

БҰҰ Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалады 

Швейцарияға жұмыс сапары барысында еліміздің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Адам құқытары жөнінде БҰҰ-ның жоғарғы комиссары Мишель Бачелетпен кездесті.
Тараптар Адам құқытары жөнінде БҰҰ-ның Кеңесіндегі Қазақстан мүшелігі және Адам құқықтары жөнінде БҰҰ-ның Жоғары комиссар басқармасы делегациясының Қазақстанға жасаған сапарының қорытындыларын талқыға салды. Қаңтардағы оқиғаларды тергеу бойынша бірлескен іс-қимыл және өзге де нұсқауларды жүзеге асырудың «Жол картасы» жасалды. Мишель Бачелет Қазақстан үкіметінің жүргізіп жатқан жұмысын жоғары бағалап,  саяси реформаларды жүзеге асыруына адам құқықтарын қорғаушы ұлттық институттарының қатысуының маңыздылығы атап кетті.
Мұхтар Тілеуберді, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР сыртқы істер министрі: – Қаңтарда болған оқиғаларды тергеу барысымен таныстырдым. Әрине олар осы тергеудің алғашқы қорытындыларын күтіп отыр. Сондай-ақ Қазақстанның Бас прокуратурасы қарастырып жатқан тұтқындарды азаптау жағдайларын талқыладық. Жоғарғы комиссардың кеңсесі БҰҰ-ның арнайы процедуралар тетігін қолдануға көмек беруге дайын. Қазақстанда өткізіліп жатқан саяси реформалар жөнінде Жоғарғы комиссарға ақпарат бердім. Олар жаңа саяси реформалар жарияланатын Президентіміздің үндеуін асыға күтеді және демократияны дамытуға деген ниетімізді толық қолдап отыр.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/531157-b-aza-standa-y-reformalardy-zho-ary-ba-alady

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЕТ САТАТЫН ОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ: МАЛ ҰРЛЫҒЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР

ulanonlinejob_r46y8xlo

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БАҚЫТЫ МЕН БЕРЕКЕЛІ ӨМІРІ – ОРТАҚ МАҚСАТ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ӘУЕ ТАСЫМАЛЫНЫҢ ҚҰНЫ ҚЫМБАТТАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз