My CMS
Соңғы жаңалықтар Спорт

Күрес түрлерінен «Яшар догу» турнирі: Фидахметов чемпион, Шермаханбет қола жүлдегер атанды

Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен рейтингілік «Яшар Догу» турнирі басталды. Бірінші жарыс күнінде грек-рим күресінің балуандары белдесті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

55 келіде финалда белдескен Аманғали Бекболатов күміс жүлдегер атанды. Ол ақтық сында түркиялық Адем Бурак Ұзынмен кездесіп, 5:6 есебімен қарсыласқа жол берді.

Осы салмақтағы Марлан Мұқашев қола жүлде үшін күресте қарсыласына жол берді. 

60 келі салмақта қазақстандық Ернар Фидахметов топ жарды. Ол финалда түрік балуаны Экрем Өзтүркті жеңген. Ернардың бауыры Ернұр Фидахметов осы салмақта қола жүлдегер атанды. 

63 келіде ел намысын қорғаған Айдос Сұлтанғали мен Ғалым Қабдыназаров жүлдеге іліккен жоқ. 

67 келідегі Мейіржан Шермаханбет турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды. Ол жартылай финалда норвегиялық Мортен Торренсоннан жеңілген. Сұлтан Әсетұлы мен Данияр Қаленов алғашқы айналымдарда ұтылған. 

87 келідегі Умалт Даудов қола жүлде үшін күресте түркиялық балуанға есе жіберсе, 97 келідегі Умаев та қола медальдан айырылып қалды. 


 

 

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/530037-k-res-t-rlerinen-yashar-dogu-turniri-fidakhmetov-chempion-shermakhanbet-ola-zh-ldeger-atandy

Қатысты жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ: ТҰРҒЫНДАР БІРАУЫЗДАН НАУҚАНҒА ҚАТЫСЫП, НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫ ЖАҢА 21 МЕДИЦИНАЛЫҚ АППАРАТПЕН ТОЛЫҚТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

«Жастар Рухы» Жастар қанатының «Рухтастар» жастар сыйлығы тапсырылды

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз