365online
Аймақ Соңғы жаңалықтар Қоғам

Шымкент қаласында жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, инновациялық бастамаларын қолдауға және заманауи технологиялар саласындағы әлеуетін дамытуға бағытталған «Цифрлық серпін – 2026» фестивалі өтті.

Шымкент қаласының Жастар саясаты басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған іс-шараға IT саласына қызығушылық танытқан жастар, жас бағдарламашылар, өнертапқыштар мен стартап авторлары қатысты.

Фестиваль аясында қатысушыларға бірнеше бағыт бойынша танымдық және тәжірибелік алаңдар ұсынылды. Атап айтқанда, Robot Zone, AI Zone, Creative және Startup көрмелерінде заманауи технологиялық әзірлемелер мен инновациялық жобалар таныстырылды.

Сонымен қатар, қатысушылар арасында «DIGITAL IQ» интеллектуалдық куизі ұйымдастырылып, «AI TALKS» пікірталас алаңында жасанды интеллект технологияларының даму үрдістері мен болашағы талқыланды.

Фестиваль бағдарламасындағы маңызды бағыттардың бірі – «DIGITAL PROJECT» стартап жобалар байқауы болды. Байқауға қатысушылар Smart City, EdTech және AI Solutions бағыттары бойынша әзірлеген жобаларын таныстырып, қазылар алқасының алдында қорғады.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалар төмендегідей орындарға ие болды:

І орын – Аяп Рамазан;

ІІ орын – Аптарбек Арман;

ІІІ орын – Маханбеталиев Марат Алишерұлы.

Фестиваль жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін танытуға, цифрлық технологиялар саласындағы жаңа идеялармен алмасуға және инновациялық жобаларды дамытуға мүмкіндік берді.

«Цифрлық серпін – 2026» фестивалі жастардың технологиялы

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ҚАДАМ БАСТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

«БАЛАЛЫҚ ШАҚ ҚОРҒАЛҒАН»: ШЫМКЕНТТЕ 2-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ӨТКЕН ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ САБАҒЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЖАҢА КӘСІП ҮЙРЕНІҢІЗ КЕЛСЕ  — ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚУДАН ӨТІҢІЗ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз