My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ 70-ТЕН АСА ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

2025–2026 оқу жылының басталуына орай, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Respublica» партиясының Шымкент қаласындағы әйелдер қанатының облыстық филиалы бірлесіп, әлеуметтік қолдауға мұқтаж, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арнап дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты — білім алуына қажетті жағдай жасау және балаларға қолдау көрсету болып табылады.

Шымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында өткізілген қайырымдылық іс-шара барысында 70-тен астам мектеп жасындағы балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар, соның ішінде сөмкелер, дәптерлер, қаламсаптар, бояу жиынтықтары және басқа да оқу құралдары табыс етілді. Бұл көмек балалардың жаңа оқу жылын толық дайындықпен, көтеріңкі көңіл-күймен бастауына мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында балаларға арнайы шақырылған аниматорлар көңілді ойын-сауық бағдарламаларын ұсынды. Түрлі би мен ойындар ұйымдастырылып, балалар мен олардың ата-аналарына қуаныш сыйланды.

Аталған іс-шараға «Respublica» партиясының Шымкент қаласындағы әйелдер қанатының облыстық филиалының төрайымы Нилуфар Сайдуллаева, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, сондай-ақ партия мүшелері, қоғам белсенділері мен ата-аналар қатысты.

Қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева:
— «Бала қуанса – әлем қуанады. Бүгінгі шара арқылы балаларға қамқорлық пен мейірім сыйлау — бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл — болашақ ұрпаққа жасалған инвестиция. Мұндай қайырымдылық акциялары балалардың мектепке ынталы баруына серпін береді», — деп атап өтті.

Іс-шара соңында балаларға арнайы сыйлықтар табысталып, арнайы келген қонақтар жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Бұл бастама қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттырып, мейірімділік пен қолдаудың маңызын тағы бір мәрте айқындап, барлық қатысушылардың ынтымақтастығын нығайтты. Мұндай қайырымдылық іс-шаралары балалардың болашағына сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді, әрі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға үлкен қолдау көрсетеді.

Шараның ұйымдастырушылары мен қатысушылары осы әрекеттер арқылы еліміздегі мейірімділік пен өзара көмек дәстүрін нығайтуға атсалысып, қоғамдағы бірлікті, толеранттылықты және қайырымдылықты арттыруға ықпал етуде.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ШАХМАТ ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ 20 КӨШЕНІ АБАТТАНДЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ БІРІНШІ БОЛЫП ДАУЫС БЕРГЕН АРДАГЕРГЕ СЫЙЛЫҚ БЕРДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз