My CMS
Аймақ

ШЫМСИТИ ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымситидегі тұрғын үйлерде интернет байланысы тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Бұл — «Кселл» АҚ тарапынан тұрғындармен өзара келісім негізінде орнатылған базалық станцияның нәтижесі.
Базалық станциялар барлық тиісті заң талаптарына сай орнатылып, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің рұқсаты негізінде іске қосылды. Атап айтқанда, станцияны қосу үшін электромагниттік өріс (ЭМИ) деңгейіне жүргізілген есептеулер, санитариялық-қорғау аймағының шекаралары мен құрылыс қоршау аймағының жобалық құжаттары әзірленіп, құзырлы органдар тарапынан оң қорытынды алынған.
Қазіргі уақытта станциялар қалыпты режимде жұмыс істеп, Шымсити шағын ауданының тұрғындарын сапалы мобильді байланыс және интернетпен қамтамасыз етіп отыр. Бұл әсіресе онлайн жұмыс, оқыту, цифрлық қызметтерді пайдалану және күнделікті өмірде байланыста болу үшін аса маңызды.
Айта кету керек, егер базалық станция алынып тасталатын болса, байланыс сапасы айтарлықтай төмендейтінін ескертеміз. Сондықтан да тұрғындардың қолдауымен орнатылған бұл инфрақұрылым — бүгінде заманауи қалалық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды.
Цифрлық қолжетімділік – жайлы өмірдің кепілі!

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ТҰРАН АУДАНЫНДА 39 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗЕЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ БОСАТЫЛҒАНДАРДЫ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАРҒА ТАРТУ АРҚЫЛЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫ АРТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМЕДИАЦИЯ АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз