My CMS
Соңғы жаңалықтар Әлем жаңалықтары

СУДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ АПАТТЫҢ АЛДЫНДА ТҰР: 25 МИЛЛИОН ХАЛЫҚ АШТЫҚПЕН АРПАЛЫСУДА

Судан Республикасында қалыптасқан ахуал әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) соңғы мәліметіне сәйкес, ел халқының жартысына жуығы – шамамен 25 миллион адам – азық-түлік тапшылығы мен аштықтың зардабын тартып отыр. Оның ішінде 5 миллионға жуық ана мен бала ең осал әрі қауіпті жағдайда өмір сүріп келеді.
2023 жылдан бері жалғасып келе жатқан азаматтық соғыс ел ішіндегі гуманитарлық ахуалды күрт ушықтырды. Қарулы қақтығыстардың салдарынан 32 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы миллиондаған адам туған мекенін тастап, босқынға айналды. Бүгінде халықтың 30%-ы ел аумағынан тыс жерлерге немесе ішкі аймақтарға үдере көшуге мәжбүр болды.
Судан аумағында қазіргі таңда 20 миллионнан астам адам шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж. Жағдайды одан әрі ушықтырып отырған тағы бір мәселе – елде қызылша мен тырысқақ секілді жұқпалы аурулардың өршуі. Денсаулық сақтау инфрақұрылымының күйреуі, санитарлық жағдайдың нашарлауы мен таза ауызсу тапшылығы инфекциялық аурулардың жаппай таралуына себеп болып отыр.
Қазіргі күрделі жағдайда халықаралық ұйымдар мен донор елдердің бірлескен әрекеті Судан халқына көмек қолын созуда шешуші рөл атқарады. БҰҰ және оның агенттіктері шұғыл азық-түлік, медициналық жабдықтар және санитарлық қызметтермен қамтамасыз етуге күш салуда. Алайда көрсетіліп жатқан көмек ауқымы апаттың ауқымына толық сай келмей отыр.

Қатысты жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ: ТҰРҒЫНДАР БІРАУЫЗДАН НАУҚАНҒА ҚАТЫСЫП, НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

2024 ЖЫЛҒЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ: ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР ЕЛІМІЗДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ САПАСЫ МЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ҚАЛАЙ АРТТЫРУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ АШЫЛҒАН КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ПОЛИГОН – СУДЬЯЛАРДЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДАЯРЛАУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз