My CMS
Саясат Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІТІМГЕРЛІК ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНУДА

Қазақстанның халықаралық бітімгерлік бастамаларға қосқан үлесі артып келеді. Қазіргі таңда еліміз бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған миссияларға қатысумен қатар, бітімгерлерді даярлаудың толық циклін өз аумағында жүзеге асыруға қабілетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Берлин қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының министрлік конференциясында мәлімдеді.

Ауқымды халықаралық жиын бейбіт тұрғындарды қорғау, стратегиялық коммуникациялар, сондай-ақ бітімгер сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналды. Қазақстан делегациясы тарапынан қорғаныс саласындағы әлеует пен тәжірибе таныстырылды.

Конференция аясында министр Руслан Жақсылықов еліміздің Қарулы Күштерінің мүмкіндіктері туралы баяндама жасап, стратегиялық тасымалдау әлеуетін БҰҰ аясындағы операцияларда пайдалануды ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстан тек авиациялық бағытта ғана емес, сонымен қатар әскери-теңіз және құрлық тасымалы бойынша да халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын. Осы орайда, министр БҰҰ Хатшылығына тиісті инфрақұрылымы мен техникалық ресурсы бар елдермен тікелей кооперация орнатуды ұсынды.

Айта кету керек, бұл конференцияда қазақ тілі алғаш рет БҰҰ-ның ресми тілдерімен тең дәрежеде пайдаланылды. Бұл – Қазақстан тарапынан мемлекеттік тіл мәртебесін халықаралық деңгейде көтеруге бағытталған маңызды қадам.

Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:
«Қазақстан әскери қызметшілері 6 миссияда өз міндетін орындап жатыр. Қазақстан бітімгерлерді даярлаудың толық циклін дайындауға мүмкіндік алғанын атап өткім келеді. Қазір Қазақстан бітімгерлік операциясы БҰҰ штаб.»

Қазақстан бітімгерлік бастамалар арқылы жаһандық тұрақтылықты сақтауға өз үлесін қосып келеді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс еліміздің халықаралық аренадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке бейілді ұстанымын нақты айқындайды.

Қатысты жаңалықтар

ИСПАНИЯ ЖАҒАЛАУЫНДА 181 МИГРАНТ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

НЫСАНА КӨЗДЕУ: ҚОРЖЫНҒА 3 ЖҮЛДЕ ТҮСТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ГЕРМАНИЯ ЭКОНОМИКАСЫ ЖАПОНИЯНЫ БАСЫП ОЗАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз