My CMS
Саясат Соңғы жаңалықтар

АЛМАТЫДА «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» ФОРМАТЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алматы қаласында «Орталық Азия – Қытай» форматындағы сыртқы істер министрлерінің VI кездесуінің шымылдығы түрілді. Іс-шараға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан сыртқы саясат ведомстволарының басшылары және Түрікменстанның ресми өкілі қатысты.

Бұл маңызды жиында тараптар өзара саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ортақ қауіп-қатерлермен бірлесіп күресу, сондай-ақ өңірлік орнықты даму мен экологиялық қауіпсіздік мәселелерін терең талқылады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу өз сөзінде «Орталық Азия – Қытай» көпжақты форматындағы әріптестікті нығайтудың айрықша маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, бұл алаң өңір елдері мен Қытай арасындағы сенімді серіктестіктің жарқын үлгісіне айналып отыр.

Кездесу барысында қатысушылар өзара ықпалдастықтың болашағын талқылап, бірқатар жаңа бастамаларды қарастырды. Әсіресе көлік-логистика, «жасыл» энергетика, цифрлық технологиялар мен экологиялық жобаларды дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Келелі жиын соңында тараптар ортақ көзқарастар мен ұстанымдарды білдіретін Ақпараттық коммюнике қабылдады. Құжатта «Орталық Азия – Қытай» форматы аясында тату көршілік, орнықты даму және өзара тиімді іс-қимылды тереңдету қағидаттарына ортақ міндеттеме қайта бекітілді.

Алдағы уақытта бұл форматтағы байланыстарды одан әрі дамыту, ортақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету негізгі басымдықтардың бірі болмақ.

«Орталық Азия – Қытай» диалог алаңы бүгінде тек саяси келіссөздердің емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктердің, экономикалық серпін мен өңірлік дамудың маңызды драйверіне айналып келеді.

Қатысты жаңалықтар

ТАТУЛЫҚ-ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 2023 ЖЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КӨРСЕТКІШІ 100%-ҒА ЖЕТЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕУРОКОМИССИЯ APPLE МЕН META-ҒА €700 МИЛЛИОН АЙЫППҰЛ САЛДЫ: ЦИФРЛЫҚ НАРЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз