My CMS
Соңғы жаңалықтар Экономика

АСТАНАДА V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Астанада «Өңдеу Экспо» атты Өңдеу өнеркәсібінің V Халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады. Ауқымды шараға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев қатысып, көрменің ашылу рәсімінде сөз сөйледі. Ол бұл көрменің еліміздің өңдеу саласын дамытудағы стратегиялық маңызын атап өтті.

10 мың шаршы метрден асатын өндірістік алаң

Биылғы көрме ішкі және сыртқы павильондарды қоса алғанда, 10 мың шаршы метрден астам аумақта ұйымдастырылып отыр. Көрмеге 300-ге жуық отандық және шетелдік компания қатысуда. Олар машина жасау, металл өңдеу, сумен жабдықтау, автоматтандыру және технологиялық шешімдер бағыттарында өз өнімдері мен жобаларын ұсынуда.

Жаңа серіктестік пен технологиялар

Көрменің басты мақсаты – индустрияны цифрландыру, шетелдік заманауи технологияларды тарту және Қазақстанда жаңа жұмыс орындарын құру. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Шыңғыс Сүйінбаев бұл бағыттағы жоспарлармен бөлісті.

– Басты мақсатымыз – шетелдік технологияны Қазақстанға әкеліп, осы жерде өндіріс ашу. Германия, Австралия сынды алпауыт елдерден келген компаниялар бұл ниетін білдіріп отыр. Олар біздің нарықпен жұмыс істеуге және өндірістік серіктестік орнатуға дайын, – деді ол.

Келісімдер мен меморандумдарға жол ашылады

Көрме үш күнге жалғасады. Осы уақыт ішінде отандық өнеркәсіп өкілдері шетелдік әріптестерімен кездесіп, бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр. Форум аясында Hilton қонақ үйінде баспасөз конференциялары мен екіжақты келіссөздер өтеді.

«Өңдеу Экспо» халықаралық көрмесі – Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін жаһандық деңгейге шығаруға бағытталған маңызды платформа. Ол шетелдік инвестицияны тартуға, жаңа технологияларды енгізуге және өнеркәсіп саласын дамытудың тың тетіктерін ашуға жол сілтейді. Ауқымды шара шетелдік серіктестермен ынтымақтастық орнатуға үлкен мүмкіндік бермек.

Қатысты жаңалықтар

Еуроодаққа туристердің баруы жеңілдеуі мүмкін

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТІҢ ЖОЛДАРЫ ПАСПОРТИЗАЦИЯЛАНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТАТУЛЫҚ-ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЕГІЗІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз