My CMS
Соңғы жаңалықтар Қоғам

СҮТ ӨНІМДЕРІН АРЗАНДАТУҒА БӨЛІНГЕН 339 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІ ЖЫМҚЫРҒАНДАР СОТТАЛДЫ

Қарағанды облысында сүт өнімдерінің бағасын төмендетуге арналған мемлекеттік субсидияны жымқырғандар сот үкімімен кінәлі деп танылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаменті хабарлады.

Қылмыстық іс «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» ұлттық жобасы аясында бөлінген 339 миллион теңге көлеміндегі қаржының мақсатсыз жұмсалуына байланысты қозғалған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, «DIAS» шаруа қожалығының басшылары жергілікті ветеринар мамандарымен келісіп, жалған құжаттар әзірлеп, мемлекеттен заңсыз субсидия алған. Құжаттарда ірі қара мал басы, сүт өндірісі мен өнімді өткізу көлемі туралы мәліметтер көрсетілгенімен, шын мәнінде мұндай өндіріс болмаған.

Алаяқтық жолмен алынған қаржының бір бөлігі 60 асылтұқымды бұқа сатып алуға жұмсалған. Осы арқылы күдіктілер қосымша 9 миллион теңге субсидия түрінде қылмыстық пайда тапқан.

Сот үкімімен қылмыскерлердің әрқайсысы 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот Ауыл шаруашылығы басқармасының 339 миллион теңге көлеміндегі азаматтық талабын толығымен қанағаттандырды. Бұл қаражат мемлекет пайдасына өндірілуі тиіс.

Аталған іс ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау жүйесінің ашықтығы мен бақылауын күшейту қажеттігін тағы бір мәрте көрсетті. Мемлекеттік органдар ендігі жерде мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін қатаң бақылау шараларын қолға алатындарын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТҚА АЙНАЛУЫМЫЗ КЕРЕК»

ulanonlinejob_r46y8xlo

КӨП ПАРТИЯЛЫҚТАН ҚОРЫҚПАЙЫҚ

ulanonlinejob_r46y8xlo

«ЖАСЫЛ ШЫМКЕНТ – ТАЗА ҚАЛА»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ПЕН КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ.

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз