My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ ТҰТЫНУШЫЛАРҒА 198,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ауқымды жұмыс атқарды. Бұл кезеңде департаментке 3908 өтініш түсіп, оның ішінде 3274 өтініш қанағаттандырылып, тұтынушыларға жалпы сомасы 198,5 миллион теңге қайтарылды.

Сонымен қатар, 381 өтініш бойынша азаматтарға құқықтары мен мәселелері жөнінде кеңестер беріліп, 116 өтініш тиісті басқа органдарға жолданды. 41 өтініш иелері тарапынан кері қайтарылса, 18 талап-арыз сотқа жіберіліп, олардың 9-ында тұтынушылардың пайдасына оң шешім қабылданып, 3 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді. Департамент «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға сәйкес, құқықтары бұзылған екі жағдайды анықтап, 10-нан астам тұтынушының мүддесін қорғау мақсатында сотқа жүгінді. Нәтижесінде, тағы 280 мың теңге тұтынушыларға қайтарылды.

2024 жылы департамент көптеген талап-арыздар бойынша сот отырыстарына қатысып, тұтынушылардың құқықтарын қорғауда белсенділік танытты. Сот шешімдеріне сәйкес, бірнеше істің қорытындысында 2 774 750 теңге тұтынушыларға қайтарылды.

Ең маңызды істердің кейбірі:

1. «Орынбасар-Сұлтан» ЖШС қызметіне қатысты тұтынушылар тобының өтініші бойынша департамент талап-арыз беріп, нәтижесінде 115 000 теңге өтемақы қайтарылды.

2. «SC CRAND» ЖШС қызметі бойынша тұтынушылар тобының арызымен 165 000 теңге өндірілді.

3. ЖК «Samurug Grup» және С.К. Алтынбекова арасындағы дау – сапасыз аяқ массажы құрылғысы үшін 343 000 теңге қайтарылды.

4. «Компания Эврика» ЖШС мен В.В. Марков арасындағы іс – жарамсыз теледидар үшін 375 000 теңге өтемақы төленді.

5. «Белый Ветер» ЖШС-мен болған дау – сапасыз компьютер үшін 506 750 теңге, моральдық шығын үшін 50 000 теңге, өкілдік шығындар үшін 150 000 теңге қайтарылды.

Бұл нәтижелер Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің тұтынушылар мүддесін қорғаудағы айқын табысты жұмыстарын көрсетеді. Департамент азаматтардың құқықтарын қалпына келтіруге және материалдық шығындарын өтеуге елеулі үлес қосып, олардың сеніміне ие болды.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

18 – 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігінің жоспарына сәйкес іс-шаралар тізбесі

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ЖАҢА ТЕРМИНАЛЫ АШЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз