My CMS
Соңғы жаңалықтар Әлем жаңалықтары

ГЕРМАНИЯ ЭКОНОМИКАСЫ ЖАПОНИЯНЫ БАСЫП ОЗАДЫ

Жапонияда дағдарыс. Экономикалық қуаты бойынша әлемде үздік үштікте болған ел енді 4-орынға ығысуы мүмкін. Сарапшылар Жапонияның орнын Германия басады деп болжайды. Ал жапон билігі бұл болжаммен келіседі ме?

Жапония экономикасы өткен жылдың кейінгі 2 тоқсанын да қатарынан құлдырады. Жалпы ішкі өнім былтыр қазан мен желтоқсан аралығында 0,4 пайызға кеміген. Ал одан бұрын 3,3 пайызға төмендеген еді.

Касуо Уэда, Жапония банкін басқарушы: «Тұтыну бағасы біртіндеп өседі деген жорамал бар. Инфляция деңгейі 2 пайызға жетуі мүмкін. Қазіргі кезеңде экономикалық-қаржылық жағдайға болжам жасау өте қиын болып тұр». Жапонияның ұлттық валютасы — иена доллар мен еуроға қатысты біршама құнсызданды. Bloomberg мұны ақша-несие саясатымен байланыстырады. АҚШ пен Еуропа инфляциямен күрес құралы ретінде пайыздық мөлшерлемені көтерсе, Жапония банкі мұндай қадамға бармады.

Сигэру Исиба, депутат: «Пайыздық мөлшерлемені аяқ астынан ешкім де көтермейді. Бұл қауіпті қадам. Біз елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайын тыңғылықты зерттеуіміз қажет. Біздің қаржылық саясатты қайта қарастыруымыз керек деп есептеймін». Халықаралық валюта қоры биыл Германия Жапонияны басып озады деп болжайды. Неміс елінің жалпы өнімі 4 триллион 700 миллиадқа жетіп, күншығыс елінің көрсеткішінен 410 миллиардқа асуы мүмкін.

Ернат Қашқынов

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/639045-germaniya-ekonomikasy-zhaponiyany-basyp-ozady

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ ЖОЛДАРЫ ПАСПОРТИЗАЦИЯЛАНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТІК АРДАГЕРЛЕР САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШАНИНДІК ӘРТІСТЕР МӘСКЕУДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз