My CMS
Аймақ Қоғам

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ: «ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Қазіргі таңда қоғамда қыз тәрбиесі өте өзекті мәселеге айналып отыр. «Қыз арқылы ұлт тәрбиеленеді» деген ата-бабаларымыздан қалған даналық бүгінгі күні өз маңыздылығын жоғалтып бара жатқандай. Қазақилықтың иісі әрбір отбасының болмысында, салт-дәстүрлерінде көрініс табуы керек. Алайда, шетелдік әдет-ғұрыптардың бойымызға сіңіп, ұлттық құндылықтарымыздың жойылуы бізді алаңдатады.

Отбасындағы құндылықтардың ауысуы – бұл үрдістің басты себебі. Қазіргі қоғамда әже тәрбиесін көрген қыздар мен ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұлдардың саны азайып барады. Мұның салдары ұлттық болмысымыздың жоғалуына алып келуі мүмкін. Осы орайда, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған «Отбасы құндылықтары» тақырыбындағы жиын жастар үшін үлкен маңызға ие болды.

Жиында спикер ретінде профессор, биология ғылымдарының докторы, «Экомед» клиникалар тобының және «NGG» халықаралық репродукция орталығының негізін қалаушы Салтанат Байқошқарова сөз алды. Ол жастарға өмір жолындағы ең маңызды шешімдер мен әже тәрбиесінің мәні туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. «Мен әкемнің тұңғышымын. Қазақ дәстүрінде тұңғыш бала ата-әжесіне беріледі. Мен де ата-апамның махаббатына қанып өстім. Олардың шынайы баталары менің өміріме шамшырақ болды», – деді Салтанат Берденқызы. Ол қазіргі қоғамда «отбасы» құндылығының төмендеп бара жатқанын атап өтті. Әсіресе, әлеуметтік желілерде өзін психолог, коуч-тренер ретінде таныстыратын азаматтардың көбейіп кетуі жастарға теріс әсер етуде. «Себебі, осы парақшаларды ашсаңыз, олар өзін жақсы көру мен өзіңізді құрметтеудің маңызын айтып жатады, бірақ өздерінің отбасында жолы болмаған адамдар. Мұндай ақпараттар жастарды жапыстыруға, бет-бояуға үйретеді», – деп түсіндірді профессор.

Жиын барысында жастар отбасылық құндылықтардан бөлек, медицина ғылымдарының жетістіктері жөнінде де сұрақтар қойып, ғылыми және практикалық аспектілерді талқылады. Спикерлер қоғамдағы отбасы құндылықтарының тек ер мен әйелге қатысты емес екенін, әйелдің сабырлылығы мен еркектің нан табуы – отбасынан берекені кетірмейтін басты факторлар екенін ерекше атап өтті.  Осылайша, аталмыш жиын отбасылық тәрбиенің маңыздылығын түсіндірумен қатар, жастарға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ, ғылым мен практиканың өзара байланысын көрсету мақсатында өтті.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТЕ БҰРЫҢҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫ ОРНЫНДА ЭКОПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз