My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ АУРУХАНА БАЗАСЫНДА ГОСПИТАЛДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында медициналық қызметтің сапасы мен халыққа қолжетімділігін арттыру мәселесі басты назарда екенін айтып келеді.

Бұл бағытта атқарылып жатқан игі жұмыстар Үшінші мегаполистеде де іске асып келеді. Шымкент қаласында алғаш рет аурухана базасында госпиталдық фармация бөлімшесі ашылды. Бұл жөнінде Шымкент қаласының Денсаулық басқармасының мәліметі бойынша бөлімше Қалалық балалар клиникалық аурухана базасында ашылған. Оның іші қажетті медициналық жабдықтармен, медициналық және ламинарлық шкафтармен, ротациялық орау машинасымен жабдықталған.

Бөлімшенің басты міндеті — дәрілік заттарды уақтылы, сапалы дайындау және пневматикалық пошта арқылы медициналық ұйымның клиникалық және пара-клиникалық бөлімшелеріне жеткізу болып табылады.

«Денсаулық сақтау саласы Шымкент қаласында балалар ауруханасында үлкен жетістіктерге жеттік деуге болады. Бұл бөлімшеге біз біраздан бері осыған жетеміз деп жүргенбіз, бұл бөлімше дәріні тиімді рационалды пайдалануға керек. Өйткені осыған дейін дәріні әр баланың салмағына, балаға керектігіне байланысты дәрігер тағайындайды.

Ал тағайындаған кезде дәрінің 20мл немесе 50 мл болуы мүмкін, сол дәрінің кеп бөлігі пайдаланылмайды, өйткені дәріні бір ашқаннан кейін стерильді препарат болғаннан кейін болмайды. Ал енді қазіргі енгізіп жатқан жүйе тиімді пайдаланып бір емес екі балаға,үш балаға тиісті сақтай отырып пайдалануға жол береді»,- деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.

Яғни, қаланың ауруханаларында госпитальдық фармация бөлімшесін ашу нәтижесінде дәрілік заттарды ұтымды пайдалану есебінен бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдеуге болады.

Қатысты жаңалықтар

М.ӘЙТЕНОВ АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛ КАРТАСЫН ӘЗІРЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МӘМС ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕЛ БОЛАШАҒЫ — БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз