My CMS
Аймақ

БИЫЛ «ШЫМКЕНТ СИТИ» САЯБАҒЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛЕДІ

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жеке кәсіпкерлердің меншігіне өткен бірқатар нысандар қала меншігіне қайтаралып жатыр. Сондай-ақ, қаладағы жолдар жаңарып, жаңа саябақтар қолданысқа беріліп жатыр. Мұның бәрі де қала мәдениеті мен инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Шымкент қаласындағы Абай ауданындағы А-2 айналма жолының бесінші кезеңін және Өтегенов көшесінің жалғасын салу жұмысы жүргізіліп жатыр. Онда жол көлік кептелісін оңтайлы реттеу мақсатында А-2 жолы бойындағы аумақты абаттандыру, бағдаршам және жол белгілерін орнату бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

Сонымен қатар,  Абай ауданында орналасқан «Tulip Hall» аумағындағы «Шымкент Сити» саябағының жалғасы жүргізіліп,  демалыс орнын биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, бұл жерде алаң мен әуенді субұрқақ салынып, биіктігі 100 метр қаладағы ең үлкен ту тұғыры орнатылады. Мемлекеттік ту — қаланың әр нүктесінен көрінетін болады. Тиісті сала басшылары нысанды көгалдандыру мен абаттандыруға ерекше назар аударып жатыр.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы аясында қала көркіне әр беретін нысандарда абаттандыру жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, Әйтеки би көшесіндегі сауда нүктелерінің бірыңғай дизайн кодына сай қасбеттерін ретке келтіру барысы, Қалдаяқов, Жангелдин, Түркістан көшелерінің, Қонаев даңғылының санитарлық жағдайы қарқынды жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, №5 «Аялы алақан» арнайы қызмет көрсету орталығында да жалғасып, бұл жерде де балалар алаңын салу және аумақты абаттандыру жұмысы жүріп жатыр.

Айта кетейік, Абай ауданында Темірлан тас жолы бойындағы саябақ құрылысы мен «Жаңаталап» тұрғын алабындағы жаңа көпір салу жұмысы жүріп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

М.ӘЙТЕНОВ АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛ КАРТАСЫН ӘЗІРЛЕУДІ ТАПСЫРДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШАЛҒАЙЛЫҚ ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС БАСТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА КЕШЕНДІ ЖОСПАРЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз