Мемлекет басшысына Шымкенттің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.
Ғабит Сыздықбеков:
- жыл басынан қалаға тартылған инвестиция көлемі 26 пайызға артып,
724,3 млрд теңгені құрады;
- 2023 жылы 1миллион 84 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
- Мегаполис болғалы бюджет көлемі 4,5 есеге артып, 656 млрд теңгені
құрады.
- Өзіндік кірістер көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 72 млрд теңгеден 343 млрд теңгеге өсті.
- Өндіріс алаңдарын кеңейту мақсатында:
- 867 гектарды құрайтын 5 өндірістік аймақ құру жұмыстары қолға алынды;
- «Alarko Holding» түрік компаниясымен елімізде аумағы жағынан ең үлкен
500 га жерге заманауи жылыжай кешенін құру жұмыстары басталды;
- Әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты мәлімет берді:
- зейнет жасындағы ардагерлерді сауықтыру мақсатында «Ізетті зейнеткер»
сауықтыру орталығы ашылды;
- соңғы үш жылда 66 мың орындық 101 мектеп пайдалануға берілді. Оның
80%-ы жеке инвестор есебінен салынған;
- 500 орындық оқушылар сарайы пайдалануға берілді;
- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 28 мың оқушыға арналған 18
мектеп салу жұмыстары басталды;
- халықаралық деңгейде мәдени іс-шаралар өткізетін заманауи Конгресс
холлдың құрылысы аяқталды;
- спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Үстел теннисі спорт кешені»
және «Жаңа ипподром» пайдалануға берілді;
- Денсаулық сақтау саласында қаламызда алғаш рет нейростимулятор отасы
және жүрек трансплантациясы жасалды.
- Жол-көлік инфрақұрылымының дамуы туралы баяндады:
- қаладағы 254 нысан немесе 233 шақырым жолдарда құрылыс-жөндеу
жұмыстары жүргізілді;
- қала орталығындағы үлкен жолайрық пайдалануға берілді.
- Мемлекет меншігіне нысандарды қайтару туралы айтты:
- ұзақ жылдар бойы шешімін таппай, қараусыз қалған бұрынғы
«Фосфоршылар сарайы» мемлекет меншігіне қайтарылды;
- қала орталығындағы «Спутник» гүлзары мемлекет меншігіне қайтарылып,
демеушілер есебінен қайта салынды.
- Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде:
- жалпы қылмыстардың саны 33 пайызға азайды;
- биылғы жылы 3 000 бейнебақылау камерасы орнатылады;
- қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл 1 000-ға жуық
көше жарықтандырылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполис экономикасын одан әрі әртараптандыру,
инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту
жөнінде нақты тапсырмалар берді.