Бүгінгі таңда Түркістан облысының құрылуына және Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуіне байланысты, қаладағы нысандар Түркістан облысының меншігінде қалған болатын. Дегенменде, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау мақсатында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар маңызды нысандарды қайта қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктері арасында арнайы Жол картасы әзірленді. Қазіргі уақытта, оның алғашқы кезеңі аясында 7 нысанды мегаполистің коммуналдық меншігіне қайтару жұмыстары басталды. Олардың ішінде Тәуке хан даңғылы мен Республика даңғылындағы әкімшілік ғимараттар, Әл-Фараби алаңындағы кітапхана, Қазыбек би көшесіндегі облыстық филармония, үш тілде оқытатын Маржан Тасова атындағы мамандандырылған мектеп-интернат және Абай ауданындағы темір жол желісі бар.
Келіссөз барысындағы шаралар қала бюджетіне түсетін салмақты азайтуға және үнемделген қаржыны Шымкент қаласының дамуына бағыттауға мүмкіндік береді. Орталық саябақта орналасқан «Қоғамдық келісім» КММ ғимараты да қаланың коммуналдық меншігіне қала меншігіне қайтарылады деп жоспарлану үстінде.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында орналасқан облыстық мекемелер Түркістан облысындағы жаңадан салынып жатқан ғимараттарға көшіріліп, босатылған нысандар қала балансына біртіндеп беріледі.
Сонымен қатар, жыл басынан бері жеке кәсіпкерлердің меншігіне өткен бірқатар нысандар мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр. Кезекті мемлекет меншігіне өткен мекемелердің бірі — №13 қалалық емхана мен №2 қалалық емханалары.