My CMS
Аймақ Саясат Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ БЕС ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚ ҮЙ АШЫЛАДЫ

Шымкент – 2200 жылдан астам тарихы бар ең ежелгі қалалардың бірі. Аумағы және халық саны бойынша республикада үшінші орында, аумағы – 117 мың гектар, халқының саны миллионнан астам. Ішкі бөлінісі 5 аудан: Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Тұран және Қаратау аудандары.

Жаңарып-жасарған, көркіне көрік қосқан Шымкент қазірдің өзінде Қазақстандағы өнеркәсіп, сауда және мәдени орталығы болып табылады. Қалада кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жағдай жасалған. Өзге де сан-салаларда атқарылып жатқан жұмыстар қаншама. Болашақта қаламыз халықтың және инвестициялардың шоғырлану орталығына, ғылым мен білімнің ордасына айналатынынан сенім бол.

Бүгінде қаламызда жаңа заманауи қонақ үйлердің пайда болуы қалаларды тартымды етіп, туризмнің дамуына айрықша серпін береді.

Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әйгілі «Hilton» халықаралық желісінің қонақ үйінің құрылысы аумағында капсула салу рәсіміне қатысты. Шымкен сити шағынауданында бой көтерген бес жұлдызды қонақ үйді 2026 жылы ашу  жоспарлануда. Мегаполис басшысы қонақ үй кешенінің жобасымен танысып, оның құрылысын бастауды тапсырды.

«Мұндай нысандар туристік әлеуетті дамытуда ғана емес,  қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруда да маңызды. «Hilton» — әлемге әйгілі бренд. Болашақта қонақ үй қаламызды толықтырып, туристер мен барлық қонақтар үшін тартымды етеді», — деді Г.Сыздықбеков.

Қонақ үйде — 167 бөлме, ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц-зал бар. Құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, қала әкімі ұлттық стильде салынған «Qazaq Hotel» қонақ үйіне барды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 30 жұмыс орны құрылды. Жаңа қонақ үйде 64 заманауи және жайлы бөлмелер бар. Қонақтардың жайлылығы үшін қосымша қызметтер – мейрамхана, SPA-салон, конференц-зал және автотұрақ қарастырылған.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ «ТАЗА ЖАҒАЛАУ» ІС-ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЙТАРЫЛАТЫН АКТИВТЕР ҚОҒАМНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 66 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз