My CMS
Аймақ

ХУДЖАНТТА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯЛАР КЕЛІСІМШАРТ ТҮЗДІ

Мемлекет басшысы халықаралық нарықтарда ұлттық экономикалық мүддені қорғау, импортпен орнықты бәсекелестікті қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау қажеттігін айтқан болатын. Президент тапсырмасы аясында, бүгінгі таңда Шымкент қаласында бірқатар маңызды жобалар қолға алынған. Сондай сауда жәрмеңкелерінің біріне — Шымкент қаласымен бауырлас Худжанд қаласында өткен «Сугд-2024» Х Халықаралық сауда жәрмеңкесіне қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов бастаған делегация қатысты.

Бұл іс-шаралар — мегаполистің ынтымақтастықты арттырып, шет мемлекеттермен экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған. Бұл іс шара халықаралық байланыстарды нығайтуда Шымкент пен Худжанд арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуда маңызды қадам болып табылады. Онда Қазақстанның Тәжікістандағы елшісі У.Әмірханұлы қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Жұмабекұлы, Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмадзодамен және Худжанд қаласының төрағасы Ш. Фирдавспен келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында Шымкент пен Худжанд қалалары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, экономиканың түрлі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері бойынша талқыланды.

Сондай-ақ, жәрмеңке барысында қаламыздың атынан сауда-жәрмеңкеге кілем бұйымдарын шығаратын «Бал Текстиль» тоқыма кәсіпорны, аяқ киім шығарумен айналысатын «Lux Shoes» фабрикасы, «GraMaD retail», «Маркет» сауда желілері және «Колесников» көкөніс өндірісі өнімдері жәрмеңкеге қойылды.

Іс-шара соңында бизнес-делегация өзге елдерден келген әріптестерімен 5 коммерциялық құжатқа және жалпы сомасы 400 мың АҚШ долларын құрайтын келісімшартқа қол қойды.

Қатысты жаңалықтар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 200 КӨШЕНІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ МЕН ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ТӘРТІП САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

2023 жылғы 19 НАУРЫЗДА Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау өтеді.

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз