My CMS
Аймақ Қоғам

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Жолдарды күтіп ұстау жұмыстарымен қала көшелерінің асфальтбетон жамылғысының 450 мың м2 шұңқырларын жамау жоспарланып, 275 мың м2 шұңқырлары жамалды. Шұңқырларды жамау жұмыстары 2023 жылмен салыстырғанда 5 есеге көп.
Сондай ақ тұрғындардың сұраныстарына сәйкес, тез арада жағдай жасау мақсатында бұрын асфальтбетон қабаты болмаған 81 көшеге немесе 30 км көшеге асфальтбетон қабатын салу жоспарланып, бүгінгі күні 36 көшеге асфальт қабаты төселінді. Бұл өз кезегінде 1 жылдық уақытты және 500 млн. тенге қаражатты үнемдеуді берді.
Тозығы жеткен 11 орталық көшенің асфальтбетон қабаты жаңартылды. (Түркістан, Төреқұлов, Әйтеке би, Ақпан батыр, Серпін, Әмір Темір, Гүлдер ай, Сайрам,Шаймерденов көшелері және Әл-Фараби алаңы мен А2 айналма жолы-Республика қиылысы).
Әл-Фараби алаңының жол жамылғысының тозығы жеткендігінен жыл сайын шұңқырлардың және жарықшалардың пайда болу әсерінен жамау жұмыстарын әр жылы жүргізу бюджетке тиімсіз болды. Жол жолақтарын жаңартуда ескі асфальтбетон қабатына жанаспауы әсерінен және аталған алаңға соңғы жөндеу жұмыстары 2009 жылы жүргізілгендігін, яғни аралық жөндеу мерзімінің өтіп кеткендігін және де жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігін ескеріп, ағымдағы жылы жол жамылғысына жаңарту жұмыстары жүргізілді

Қатысты жаңалықтар

2025 ЖЫЛДАН БАСТАП МЕДИЦИНАЛЫҚ КІТАПШАЛАР ТЕК ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Шымкентте сәбиге сирек әрі күрделі нейрохирургиялық ота сәтті жасалды

ulanonlinejob_r46y8xlo

2024 ЖЫЛЫ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ 140 МЫҢНАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ АЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз