My CMS
Аймақ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 200 КӨШЕНІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Бүгінде жалпы Еңбекші ауданы бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы табиғи газ жүйесімен  қамтылмаған 9,3%-ды құрайтын 5992 абонентті табиғи газбен қамтып, қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Еңбекші ауданы аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Атап айтқанда, ауыз сумен 97%-ға; электр жарығымен 99,8%-ға; табиғи газбен 90,7%-ға; кәріз жүйесімен 41%-ға, асфальт жолмен 73,1%-ға қамтылған.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Еңбекші ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 90,7% құрайды. Оның ішінде: мемлекеттік жүйеде 81,8%, жекеменшік жүйедегі 8,9%-ды құрайды.

Еңбекші ауданда ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 535,77 шақырымы асфальт, 158,38 шақырымы  тас, 38,76 шақырымы топырақты құрайды.

Бүгінде ауданымызда жолдардың жағдайын жақсартуға жылдан жылға жақсы көңіл бөлініп келеді. Мәселен 2023 жылы ұзындығы 45,5 шақырымды құрайтын 73 көше орташа жөндеуден өтсе, 2024 жылға ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 78 көшені жөндеу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптама қарауына жолданды.

Қазіргі таңда Еңбекші ауданы аумағында жарықтандырылған көше саны – 117 құрап отыр. 2022 жылдың өзінде  әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан 22 көше  жарықтандырылса,  2023 жылы 28 көше жарықтандырылды. 2024 жылы бұл көрсеткішті ұлғайтып, 200 көшені жарықтандыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жарықтандыру жұмыстары басталып, қазіргі таңда Қазанқап ақын, Ынтымақ, Росси көшелерінде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРҒА 58 БАСТАПҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ ҰЙЫМДАР КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАР ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕ МАМАНДАРДАН КЕҢЕС АЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз