My CMS
Аймақ Қоғам

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙДІ

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың, әсіресе жастардың арасында есірткінің таралу жолына күшті тосқауыл қою қажеттігін атап өтті. Өйткені есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қатер төндіретіне тоқталған болатын.

Осы орайда, 26 маусым — Халықаралық есірткімен күрес күніне орай Психикалық денсаулық орталығында ашық есік күні өтті. Жиынға колледж студенттері мен қала тұрғындары қатыстып, мамандардың кеңесіне жүгінді.

Жалпы елімізде синтетикалық есірткіні тұтыну деректері артқан. Соңғы 3 жылда айналымнан алынған «синтетика» көлемі 10 есе өскен. Мұның себебін мамандар,  синтетикалық препараттар жыл сайын арзанырақ және қолжетімді болуынан деп түсірдіреді.

Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Мыңбаевтың айтуы бойынша есіртіге тәуелділіктің бірден-бір себебі отбасындағы тәрбиенің дұрыс берілмеуінен дейді.

— Профилактикалық сипаттағы шаралар кешені маңызды бағыт болып саналады. Жыл сайын елімізде 200 мыннан астам оқушылар мен студенттерді қамти отырып, 3,5 мыкнан астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Ағымдағы жылдың басынан бері елімізде 2 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Жыл сайын нашақорлықтың жэне есірткі бизнесінің алдын алу мәселелері бойынша БАҚ өкілдерімен  жұмыс жүргізеді. ПБ мен емдеу-профилактикалық медициналық мекемелердің бірігуімен аурулардың алдын алу мен салауатты емір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шаралар өтті. Бүкіл әлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімін табады. Нашақорлық қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де, азаймағаны рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыз күреспей, бірлікте жұмыла күрессек, алынбас қамал жоқ,-дейді бас дәрігер.

Жиында студенттер дәріс тыңдаудан бөлек, емделіп тәуекелділіктен айрылған азаматтармен тілдесті. Олар өздерінің қателік жасағандарын, бұл  қадамның дұрыс еместігін айтты.

Қатысты жаңалықтар

МАҚСАТ — ТАТУЛЫҚТЫ ТҰҒЫРЫНАН ТҮСIРМЕУ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕЛДІҢ БІРЛІГІ МЕН ЫНТЫМАҒЫН САҚТАУ – БІЗГЕ ЖҮКТЕЛГЕН ЕҢ БАСТЫ МІНДЕТ

ulanonlinejob_r46y8xlo

СОЦИС-А КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ЖҮРГІЗГЕН СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз