My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ «INVEST–SHYMKENT» ФРОНТ-ОФИСІН ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Прокуратура Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды сүйемелдейді. Осы бағытта 6 өзекті кейс шешімін тапты. Атап айтқанда, қытай инвесторына газ тарату желілерін жобалауға және қосуға арналған техникалық шарттарды алуға ықпал жасалса, басқа инвесторға жер телімінің шекарасын белгілеу түріндегі қызмет көрсетуді созбалаңдылыққа салғаны тиылып, мемлекеттік қызметті алуға көмек берілді.

Сонымен қатар, «Даму бала» бағдарламасы аясында 100-ден астам кәмелетке толмаған балаларға қызмет көрсете алмаған инвесторға жан басына шаққандағы қаржыландыруға қаражат бөлуге қол жеткіздік. Қала прокуратурасы әкімдікпен бірлесіп, «Invest–Shymkent» фронт-офисін құру жұмыстарын жүргізді.

Енді инвесторларды сүйемелдеу және оларға мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша «жасыл дәліз» құрылды.

Бүгінде кәсіпкерлікті қорғау саласында 1 012 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 6 әкімшілік кедергі жойылды, 13 лауазымды тұлға түрлі жауаптылыққа тартылды. Жүргізілген талдаумен «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «SHYMKENT» АҚ-мы (бұдан әрі — Қоғам) кәсіпкерлермен бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін түрлі айыппұлдар қолданғаны анықталды.  Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін сотпен ӘҚБтК 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша Қоғам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 104,7 млн теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар,  900-ден астам кәсіпкердің ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларында жануарлардан алынатын өнімдерді қайта сараптау тәжірибесі тоқтатылды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі білім беру басқармасының конкурстық комиссиясының заңсыз шешімінің күші жойылып 100 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Кәсіпкердің қызметіне заңсыз араласқаны үшін салық органының басшысы ӘҚБтК-тің 173-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ПИЛОТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЕМХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК: ЕСІРТКІ ЖАРНАМАСЫНА НӨЛДІК ТӨЗІМДІЛІК

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМЕДИАЦИЯ АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз