My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТ: ТҰРАН АУДАНЫНДА 39 КӨШЕГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗЕЛЕДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау аясында шешім қабылдау процесіне тұрғындарды тарту масқатында «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру көзделген болатын.

Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының Тұран ауданы бойынша барлығы 383 ойын алаңшасы, 99 спорт алаңшалары бар. 2024 жылы Тұран ауданы бойынша Халық қатысатын бюджет жобасы аясында жалпы 40 алаңша салу жоспарда. Оның ішінде, 30 ойын алаңша, 8 кешенді алаңша (балалар /спорт), 2 спорт алаңша.

Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылып,  2026 жылы бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, бүгінгі таңда аудан аумағы  85,7 пайыз табиғи газбен қамтылса, электр қуатымен 95,2 пайыз қамтылған.

2025 жылы Тұран ауданын 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамту жоспарланып, бір қатар жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, ауданның кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде  57,1 пайыз құрайды, бұл көрсеткішті 2025 жылы  60,2 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

2024 жылы Тұран ауданына қарасты 39 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Жаңаталап елді мекені – 4 көше, Арғымақ елді мекені – 4 көше, Ақжар елді мекені – 4 көше, Агро фирма қарасу – 11 көше, Құрсай елді мекені – 12 көше, Наурыз ш/а – 4 көше.

Нәтижесінде, асфальттанған көшелердің үлесі 80,2 пайыздан 83,4 пайызға жететін болады.

Тұран ауданында  жалпы 597 көше бар, оның  254 жарықтандырылған. 2024 жылы 21 шағын ауданда 165 шақырымды құрайтын  200 көшеге  3500 дана бағананы жарықтандыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, Ю.Гагарин, Республика даңғылы, А.Байтұрсынов көшесі, Орманов, Б.Момышұлы және т.б көшелерге барлығы 4870 м2 аула аралық жолдар салынатын болады.

Қатысты жаңалықтар

2024 жылғы 1 қаңтардан бастаппаспорт пен жеке куәлікті алған кезде азаматтардыміндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ: 15 МИНУТ САЙЫН БІР СӘБИ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 542 ҚАНДАС АЗАМАТ «ҚАНДАС» МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз