My CMS
Аймақ Соңғы жаңалықтар

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР-ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСТЫ

Елімізде құқықтық мемлекет құру процесінде құқықтық тәрбие мәселелері үлкен маңызға ие және оның дамуында азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамытудың маңыздылығы ерекше. Біздің еліміз де азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды жүзеге асыруда. Азаматтардың құқықтық мәдениеті жоғары болған сайын құқықтық нормалардың сақталуы да жоғары болады. Халықтың құқықтық сауаты жоғары болса құқықбұзушылық та азаяды.

Бүгінде мемлекет жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстарына, сондай-ақ оны жаңа сапалық деңгейге көтеру үшін нормативтік-құқықтық актілерге ерекше назар аударып келеді. Осы мақсатта, Түркістан облысы, Отырар ауданында «Қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету» жобасы аясында жергілікті тұрғындардың қатысуымен семинар-тренинг өтті. Оған жергілікті құқық қорғау өкілдерінің мамандары, Прократура қызметкерлері, бизнес-тренер Жандос Әзімбай мен психолог Назипа Алтаева қатысты.

  • Қазіргі кезеңдегі азаматтардың құқықтық сауатын арттыру — құқықтық үгіт-насихат көлемін және сапасын арттыру болып отыр. Халқымыздың құқықтық сауатын арттыру қоғамның басты талаптарының біріне айналды. Сол себептенде, сіздермен арнайы жүздесіп, құқықтық қолдау көрсеткізім келеді, — деді Полиция қызметкері.

Тұрғындар кеңес беру барысында сала мамандары қазіргі кездегі қоғамдағы қаржылық сауаттылық пен құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады.

Семинар-тренинг соңында тұрғындар сала өкілдеріне алғысын білдіріп, қажетті кеңестерін алғанын жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АЗАМАТТАР ҮШІН ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҮРКИЯ ИНВЕСТОРЛАРЫ ШЫМКЕНТТЕ БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫН САЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

«БҰЛ — МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ САЙЛАУЫМ»

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз