My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ «SHYMKENT  IT HUB» ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРКІ АШЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау шеңберінде «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу тапсырылған болатын.

Осы орайда, «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің үлгісі бойынша еліміздің барлық өңірлерінде «ІТ Hub» ашу индикатор көрсеткіші белгіленген.
«Shymkent IT HUB» — білім беру бағдарламалары кеңесінің қызметі HUB Технологиялық кәсіпкерлікті танымал ету және технологиялық стартап құру үшін арналған. Қазіргі таңда Шымкент қаласының аумағында «Shymkent IT Hub» технологиялық паркін ашу жұмыстары жүргізіліп, ғимараты бекітіліп және технопаркке материалды техникалық базаны жеке инвестор есебінен немесе жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру көзделуде.
«Astana IT HUB» технопаркі және Әкімдік арасында 2 тоқсан қорытындысымен меморандум жасалынып, техникалық ашылу ісі жоспарлануда.

«I-Shymkent.kz» — Шымкент қаласы бойынша қызметтерді онлайн алуға орталықтандырылған портал. Орталық атқарушы органдарының деректер базаларымен интеграциялау жұмыстарын жүргізу үшін «I-Shymkent» порталын ақпараттық қауіпсіздік сынақтарынан өту қажеттілігі туындаған.

2024 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін «i-Shymkent» порталына жасалған 2 шабуыл «ОЦИБ» арқылы уақытылы тоқтатылды және Әкімдікке қарасты мемлекеттік мекемелердегі жұмыс станцияларынан 30987 вирус жойылды. №832 қаулыға сәйкес аудан әкімшіліктерінде серверлік/кросстық үй-жайларда және ішкі кабельдік жүйелер бойынша тиісті жұмыстар атқарылған.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс станцияларына құпия ақпараттың таралуына жол бермейтін арнайы жүйе орнатылған.

Қатысты жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

БІЗДІ БІРЛІККЕ БАСТАЙТЫНБАЙСАЛДЫ БАСТАМАЛАР БІРІКТІРЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР 2025 ЖЫЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз