My CMS
Саясат Қоғам

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТУРАЛЫ

Саяси реформалар бағдарламасы институционалдық өзгерістерді қалыптастырды.

Ұйым парламенттік өкілеттіліктің жаңа тиімді құралына ие болды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысымен Парламент Сенатының 5 депутатын тағайындайды.

2023 жылдың маусым айында Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы құрылды.

Олардың негізгі миссиясы – біздің бірлігімізді заңнамалық деңгейде нығайту.

«Бір ел — бір мүдде» депутаттық тобыының құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 депутаты, оның ішінде Сенаттан – 10 депутат, Мәжілістен — 20 депутат кірді.

Өңірлерде бірлескен қызмет туралы меморандумдар негізінде көптеген жаңа қоғамдық жұмыстар іске асырылуда.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 1000-нан астам этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді.

Өңірлерде ҚХА жұмысын үйлестіретін және қамтамасыз ететін 34 Достық үйі бар. Бұл Ассамблеяның көпфункционалды ресурстық орталықтары (интеграция, медиация және волонтерлік) және Ассамблеяның бірқатар республикалық және халықаралық жобаларын іске асырушы алаңдары.

Дәстүрлер мен мәдениетті, интеграцияны, мәдениетаралық байланысты сақтауда Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының жұмысы үлкен рөл атқарады. Ассамблеяның біріктіруші әлеуеті солар арқылы жүзеге асырылады.

Елімізде Достық үйлері 100-ден астам әлеуметтік маңызы бар тиімді жобаларды жүзеге асырды.

2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ақсақалдар кеңесі» құрылды.

Еліміздің барлық өңірлерінде ҚХА жанынан 1119 Ақсақалдар кеңесі құрылып, оның құрамына белгілі тұлғалар, қоғамдық пікір көшбасшылары, этномәдени, ардагерлер бірлестіктері және басқа да қоғамдық ұйымдар қатарынан 7639 мүшесі кірді.

2023 жылы Ақсақалдар кеңесі мүшесінің қатысуымен 190 007 адамды қамтитын 6358 іс-шара өткізілді.

Бүгінде ақсақалдар этномедиация, консультациялар мен азаматтарды қабылдау жұмыстарын тиімді жүргізіп, түзеу мекемелеріне барады, суицид пен діни экстремизмнің алдын алуға ықпал етеді.

Бірқатар облыстарда Ақсақалдар кеңесі ауыз су мәселесін шешумен, жолдардың сапасын жақсартумен айналысады, балалар алаңын салуға көңіл бөледі.

ҚХА Аналар кеңесінің қызметі жан-жақты дамып келеді.

16 мыңнан астам адамнан тұратын 1713 Аналар кеңесі «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» ұлттық жобасын жүзеге асыруда.

2023 жылы Аналар кеңесі 252,5 мыңнан астам адамның қатысуымен

6172 іс-шара өткізді.

Олардың қызметі отбасы институтын сақтауға және нығайтуға, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге, жастар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт»  жобасын іске асыру барысында Аналар кеңесі мен түрлі үкіметтік емес ұйымдар өзара бірлесе жұмыс атқарды. Көпбалалы отбасыларға түрлі көмектер көрсетіледі, әйелдер кәсіпкерлігі дамуда.

«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі Мемлекет басшысының 2021 жылғы қазан айында ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес құрылды.

Барлық өңірлерде жастар ұйымының өкілдіктері белсенді жұмыс істейді.

Ассамблея жастарының жұмысына 9 мың белсенді жас тартылған.

2023 жылы өңірлерде ҚХА жастарының қатысуымен 50 мыңнан астам қатысушыны қамтитын 1000-нан астам әртүрлі форматтағы республикалық іс-шара өткізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған ҚХА Медиация кеңесін ерекше атап өткен жөн.

Қатысты жаңалықтар

ҚР ІІМ: ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫН РӘСІМДЕУДІҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ТӘРТІБІ ЕНГІЗІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

АДАЛ ЕҢБЕК – АДАМ КӨРКІ: ЖӘРМЕҢКЕДЕ 4 534 БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАҒА ТҮЗЕТУЛЕР ӘЗІРЛЕНДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз