My CMS
Аймақ

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫ ЕЛДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЛОКОМОТИВТЕРІНІҢ БІРІНЕ АЙНАЛУЫ ҚАЖЕТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауында «Әлемде жаңа экономикалық географияның қалыптасып жатқанына баршамыз куәгер болып отырмыз. Қытай, Еуропа, Ресей, Таяу Шығыс бағыттарындағы сауда-саттық ауқымы ұлғаяды деген болжам бар. Орталық Азия Солтүстік пен Оңтүстікті, Батыс пен Шығысты байланыстыратын жаһандық жолдардың торабында орналасқан. Бұл – аймақтың келешегіне кең жол ашатын елеулі артықшылығымыз. Қазіргі кезеңде Транскаспий халықаралық көлік бағдары ерекше рөл атқарады» деп Қазақстан Еуразияның транзиттік хабы ретінде өз рөлін күшейтуге ниетті екенін жеткізді.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының әуежайына алғаш рет Париж қаласы бағытынан шыққан жүк ұшағы қонды.

Париж-Шымкент-Хайнань бағытымен қатынайтын әуе кемесінің техникалық қонуы «FTL airlines» француз жүк тасымалдаушысы арасындағы келісім аясында Шымкент қаласының әуежайында ұйымдастырылды.

Шымкент қаласындағы «Сауда-логистикалық орталық» аумағының жоғары жүктемесіне байланысты хабтың жалпы ауданын 92-ден 136,29 гектарға дейін кеңейту туралы шешім қабылданған болатын. Қазіргі уақытта мұнда жалпы құны 25,2 миллиард теңге болатын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, 285 жұмыс орны ашылды. Жалпы құны 59 миллиард теңгені құрайтын 29 инвестициялық жобаның пулы құрылған болатын.

Көлік — логистика саласы елдің экономикалық дамуының локомотивтерінің біріне айналуы қажет.

Айта кетейік, алдағы уақытта Шымкент қаласында жүк авиатасымалдарын тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл Шымкент қаласының логистикалық инфрақұрылымын дамытуда маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Қатысты жаңалықтар

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ӘРІ ӨНЕГЕ, ӘРІ ИГІ ІС

ulanonlinejob_r46y8xlo

ПАРТИЯЛАР ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ МІНДЕТТЕРДІ ШЕШУ ҮШІН КҮШ-ЖІГЕР БІРІКТІРУГЕ ДАЙЫН

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН 450-ДЕН АСТАМ ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАНЫ ЖАРНАМАЛАЙТЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР БҰҒАТТАЛҒАН

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз