My CMS
Соңғы жаңалықтар

«ЕЛДІКТІҢ СУРЕТКЕРІ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Елдіктің суреткері» жас ақындар мен қылқалам шеберлері арасында аудан әкімінің жүлдесіне арналған байқау өткізілді.

Байқаудың мақсаты — талантты әрі дарынды жастарды қолдау, өскелең ұрпақ бойына отансүйгіштік қасиет қалыптастыру.

Байқаудың ережесіне сәйкес жас ақындар мен қылқалам шеберлері өзара топтасып, патриоттық тақырыпта сурет салумен және жаңа өлең шығарумен сайысқа түсті.

Ерекше форматта өткен байқауда ақындар мен суретшілер белсенділік танытты.
Нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды Азамат Мүтәлі, Хасан Ғаниев, Жанерке Сапархан, Ерғалым Арай иеленсе, ІІ орынды Ақжан Тұрғын, Нұрай Ерғалым, Нұрайлым Бекмұратқызы, Нұралы Айзере өзара бөлісті.

Ал, Айжанар Жанұзақ «Ауыл» картинасымен, Шұғыла Ермахан «Аңсау» өлең жолдарымен І орын тұғырынан табылды. ​Байқаудың бас жүлдесі «Отаным» атты жыр жолдарымен көпшілікті тамсандырған дарынды ақын Мадина Хакимжановаға және «Отан» картинасымен көзге түскен жас суретші Дастан Икрамидинге бұйырды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларды аудан әкімі Рақымберді Жанысбекұлы және аудандық «AMANAT» партиясы атқарушы хатшысы Әбдез Рахманұлы, белгілі айтыскер ақын Біржан Байтуов құттықтап, аудан әкімінің арнайы сыйымен марапаттады.

Еске сала кетейік, барлық қатысушы талантты жастарға аудан әкімінің алғыс хаты мен жүлде қорлары табысталды

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА БІЛІМ ОШАҚТАРЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІ 2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА: ШЫМКЕНТТЕ ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз