My CMS
Аймақ Соңғы жаңалықтар Қоғам

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ЖАСӨСПІРІМ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫШ ҚАЛҚАНЫ

Шымкент қаласында жастардың құқықтық санасын арттыру және заң мен тәртіпті сақтауға баулу мақсатында “Жас сақшы” жасақтарының мүшелеріне арнайы тәрбиелік сабақ ұйымдастырылды. Бұл шара құқықтық мәдениетті қалыптастырумен қатар, қоғамда жиілеп отырған жалған ақпарат тарату, қаржы пирамидаларына тарту әрекеттері, интернет алаяқтық және лудомания сияқты келеңсіз құбылыстардың алдын алуға бағытталды.

Сабаққа қаламыздың №89 және №90 мектептерінің оқушылары қатысып, құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктері мен қоғамдық орындардағы жауапкершілік туралы кең көлемді мәлімет алды. Оқушыларға төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі, полиция қызметінің негізгі міндеттері және азаматтық жауапкершіліктің маңызы түсіндірілді. Бұл – жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты күшейтіп, олардың қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікке деген көзқарасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Бауыржан Карбеков құқық бұзушылыққа итермелейтін негізгі қауіп факторларын атап өтіп, зиянды әдеттердің психикалық әрі физикалық денсаулыққа тигізетін зардабына тоқталды. Ол әсіресе қазіргі таңда кең тараған интернет алаяқтары, жалған инвестициялық жобалар мен қаржы пирамидаларының белгілерін түсіндіре отырып, оқушыларды кез келген ақпараттың шынайылығын тексеруге шақырды.

Сабақ барысында лудомания – құмар ойындарға тәуелділік мәселесі де қозғалды. Бұл құбылыстың жасөспірімдер арасында да байқалып отырғаны, оның отбасылық және әлеуметтік салдарға әкелетіні айтылды. Жас сақшыларға өз ортасында қауіп-қатерді болдырмау, күмәнді әрекеттерді полицияға хабарлау, әрбір азаматтың құқықтық мәдениетті нығайтудағы рөлі түсіндірілді. Сонымен бірге психологиялық қолдау мен саналы таңдау жасаудың маңызына ерекше назар аударылды.

Шара соңында оқушылармен ашық сұрақ-жауап форматында кері байланыс орнатылып, олардың пікірлері тыңдалды. Мұндай сабақтар жасөспірімдердің құқықтық білімін арттырумен қатар, өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінуге, қоғамға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚҰРАЙТЫН 59 ЖОБА ЕНГІЗІЛГЕН

ulanonlinejob_r46y8xlo

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ 214 АДАМҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕЛЕНДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз